Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұршайықовтың қазақ қыздарына өсиеті: Жігіттерді жұрт көзінше сүйісіп тұруға үйретпеңдер

Опубликовано:

Жазушы Әзілхан Нұршайықовтың есімі оқырмандарға ерекше жақсы таныс. Жазушының барша қазақ қыздарына қарата айтқан екі өсиетін massaget.kz жариялады.

Бірінші өсиет:

Қыздар! Жандарыңда жүрген жігіттерді ақылмен, әдептілікпен, сыпайы мінезбен, сүйкімді назбен тізгіндей біліңдер. Жігіттердің жұлқынған асау жүрегін адамгершілік асыл қасиеттермен бұйдалап алып, оларға айтқандарыңды істетіңдер: арақ ішкізбеңдер, айқайға жуытпаңдар. Оларды түнгі он екіде мас боп рестораннан қайтып, тынымдап жатқан жұрттың шырқын бұзып, терезесінің түбінен текедей бақылдап өлең айтып өтпейтін етіңдер.

Өйткені қыз жетектесе ілеспейтін, қыз қиылса көнбейтін жігіт жоқ бұл дүниеде. Өйткені ақыл анадан тарайды, адамгершілік әйелден басталады, қыздан – қылық, тәрбие, тәлім туындайды. Өздеріңе табиғат сыйлаған осы бір өзгеше өнерлеріңді қастарыңда қаумалап жүрген жігіттерге игі әсер етуге жұмсаңдар. Жігіт – жаныңда жүрсе жолдасың, жауға жұмсасаң – жолбарысың.

Жігіт – ортада жүрсе орманың, шетке шықса – қорғаның. Қорғаның, қормалың сенің! Жігіттерден жылы күлкі, жұмсақ әзілдеріңді аямаңдар. Бірақ оларды жұрт көзінше сүйісіп, сүйкенісіп тұруға үйретпеңдер! Оларды жарбаңдатып, жабыса құшақтатпаңдар. Адамның асыл махаббат сезімін ардақтап, бүркеп, қымтап ұстауға баулыңдар.

Оларды нәпсісін тыйып, намысын биік ұстауға тәрбиелеңдер. Сөйтіп, олармен тату, дос, қимас құрбы болып өсіңдер, шырақтарым! Өмірдің қызық ләззаты – адал достық, айнымас қамқорлық, асыл махаббатта екенін әрқашан да естеріңде сақтаңдар.

Екінші өсиет:

Қыздар! Ұйқышыл болмаңдар, ұмытшақ болмаңдар, ұрысқақ болмаңдар! Инабатты болыңдар, ілтипатты болыңдар, ұйымшыл болып өсіңдер! … Апиын ішкендей елтіп, сәнге еліктей бермеңдер. “Жылтырағанның бәрі алтын емес” дегендей, жарқырағанның бәрі бірдей сән емес.

Олардың ішінен тек өз бойыңа қонымдысы, өз денеңе жарасымдысы, сырт көзге де оғаш көрінбейтін ұнамдысы ғана сән. Ендеше, өздеріңе не жарасып, не жараспайтынын біліңдер. Көрсе қызар болмаңдар! Қол жетпеске тыраштанбаңдар! Құр сәнқойлықтан сақтаныңдар. Сананы сәнге емес, сәнді санаға бағындырыңдар.

Қыздар! Желкілдеген жеңілтек болмаңдар! Желпілдек қызды жебір жігіттер жентектеп ауыздарына бір-ақ қылғыта салуға құмар келетінін ұғыңдар, ұмытпаңдар… Сабырлы болыңдар, салиқалы болыңдар, салауатты болыңдар, қарақтарым!

Тағы оқыңыздар:

"Дінсіздерге" шабуыл жасауға үгіттеген ақтөбелік тұрғын сотталып кетті

Ақтауда донер жеп уланған екі жасар қыз қайтыс болды (фото)

"Ағайынды төртеу" қылмыстық тобы елімізде асқан қатыгездігімен танылған

Дулат Исабеков баланы аз тууды тапсырған Дариға Назарбаеваға ашынды

Қыдырәлі Болманов тоқал алу туралы әңгімені не үшін қозғағанын айтты

"Кешью" тобының әншісі Ақбота өзінің сүйіктісін көрсетті (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/1343515-azilkhan-nurshayyqovtynh-qazaq-qyzdary/

pixel