RU

Қарағандыда «жүретін аялдама» жолаушыларға қауіп төндіріп тұр (фото)

Қарағандыда қатты желдің салдарынан автобус аялдамасы төңкеріліп кеткен. Құлаған аялдаманы қайтадан орнатқан коммуналдық мекеме қызметінің жұмысына қарағандылықтардың көңілі толмай отыр деп хабарлайды Baq.kz.

Оқиға 9 желтоқсан күні таңертең сагат 10.00 шамасында болған. Қарағандының Язев көшесі бойындаға орналасқан аялдама мен қоқыс салатын жәшік қатты желдің салдарынан құлап қалған.

Куәгерлердің айтуынша, төтенше жағдайдан зардап шеккендер жоқ. Сағат 12.30 шамасында құлаған аялдамына қайта қалпына келтіру үшін коммуналдық мекеме қызметкерлері келген. Алайда олар құлаған аялдаманы құламайтындай етіп бекітудің орнына, қисайтып орнына тұрғыза салған. Енді, қатты желден «жүретін» аялдама адамдарды боран мен желден қорғаудың орнына өмірлеріне қауіп төндіріп тұр дейді тұрғындар.

«Темірді тіпті бекіткен де жоқ. Қазір аялдама қисайып тұр. Оның үстіне қоқыс салатын жәшікті аялдамаға сүйеп кетіпті», - деп наразылығын білдірді Дмитрий Донской есімді қала тұрғыны.

Аталған мәселеге байланысты Қарағанды әкімдігіне қарасты жолаушылар көлігі секторының меңгерушісі Ескендір Қабидуллаұлы түсініктеме берді.

«Қазір, өздеріңіз көріп отырғандай, ауа-райы қолайсыздық тудырып отыр. Боран басылғаннан кейін қарды тазалап, аялдаманы орнына қайтадан бекітетін боламыз», - деді әкімдік қызметкері.

Тағы оқыңыздар:

"Дінсіздерге" шабуыл жасауға үгіттеген ақтөбелік тұрғын сотталып кетті

Ақтауда донер жеп уланған екі жасар қыз қайтыс болды (фото)

"Ағайынды төртеу" қылмыстық тобы елімізде асқан қатыгездігімен танылған

Дулат Исабеков баланы аз тууды тапсырған Дариға Назарбаеваға ашынды

Қыдырәлі Болманов тоқал алу туралы әңгімені не үшін қозғағанын айтты

"Кешью" тобының әншісі Ақбота өзінің сүйіктісін көрсетті (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1343533-qaraghandyda-zhuretin-ayaldama-zholau.html