RU

"Балқаштық лаңкестер" 10 жылдан 14 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылды

Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында осы жылғы жазда қолдан жасалған жарылыс заттарын пайдаланумен теракт жасуды жоспарлаған "балқаштық лаңкестерге" үкім шықты деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта Балқаш қаласында терактілерге әрекеттенді деген күдік бойынша ұсталған топтың сегіз қатысушысына қатысты қылмыстық іс бойынша үкім шықты. Сот отырысы судья Қайрат Қасымовтың төрағалығымен жабық тәртіпте өтті.

"Сот Бауыржан Спанбеков пен Ерлан Үсеновті жазаларын қатаң тәртіптегі колонияда өтеуге 14 жылға бас бостандығынан айыруға үкім етті. Қайрат Үсеновті – 12 жылға қатаң тәртіптегі колонияға, Мұрат Махмутовты – 11 жылға қатаң тәртіптегі колонияға, Кеңес Ташмұхамбетовті – 12 жылға қатаң тәртіптегі колонияға, Бақытжан Абдышоқов – 10 жылға жалпы тәртіптегі колонияға, Нұрбол Қалашбаев 10 жылға жалпы тәртіптегі колонияға кесілді", - деп оқыды сот үкімін судья Қасымов.

Сондай-ақ, сот сотталушылардың мүлкін мемлекеттің пайдасына тәркілеуге үкім етті. Сот үкіміне 15 күндік мерзімде шағым түсіруге болады.

Қазақстандық арнайы қызмет тобы 26 маусымда Балқаш қаласында және Қарағанды облысындағы Гүлшат елді-мекенінде қолдан жасалған жарылғыш құрылғылармен теракт ұйымдастырмақшы болған радикалды топты құрықтады. Гүлшат ауылында ұсталған террористтердің бірі өз-өзіне қол жұмсап, оқиға орнында қаза тапты.

Сол кездегі ақпарат бойынша, олардың бәрі - салафизм радикалды ағымын ұстанушылар. Барлығы 8 адам қамауға алынды.

Тағы оқыңыздар:

"Дінсіздерге" шабуыл жасауға үгіттеген ақтөбелік тұрғын сотталып кетті

Ақтауда донер жеп уланған екі жасар қыз қайтыс болды (фото)

"Ағайынды төртеу" қылмыстық тобы елімізде асқан қатыгездігімен танылған

Дулат Исабеков баланы аз тууды тапсырған Дариға Назарбаеваға ашынды

Қыдырәлі Болманов тоқал алу туралы әңгімені не үшін қозғағанын айтты

"Кешью" тобының әншісі Ақбота өзінің сүйіктісін көрсетті (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1343593-balqashtyq-lanhkester-10-zhyldan-14-zhylgha-de.html