RU

Қазақстан әйгілі Lada Priora көлігін шығарудан бас тартты

Өскемендегі “Азия Авто” зауыты Lada Priora көлігін құрастырудан бас тартты, деп хабарлайды kolesa.kz.

2016 жылдың басында осы зауытта аталған көлік құрастырыла бастайтыны хабарланған еді. Дегенмен, зауыт мамандары алдын ала зерттеу жүргізіп, Priora құрастыру шығыны Granta мен Vesta-ға қарағанда қымбатқа түсетінін анықтаған.

Сонымен қатар, тікелей ресейлік Автоваздан алып келу жағдайы да қазіргі таңда әлі белгісіз болып отыр. Бір кездері бұл көлік Қазақстанда сұранысқа ие болғанымен, алдағы уақытта Приораға құмарлық азаяды деп болжайды сарапшылар.

Бір айта кетерлігі, LADA компаниясының 2008 жылы Samara 21099 маркасы нарықтан шығып қалған еді.

Тағы оқыңыздар:

"Дінсіздерге" шабуыл жасауға үгіттеген ақтөбелік тұрғын сотталып кетті

"Ағайынды төртеу" қылмыстық тобы елімізде асқан қатыгездігімен танылған

Дулат Исабеков баланы аз тууды тапсырған Дариға Назарбаеваға ашынды

Қазақ тілінде жүргізілетін сот істері 25 жылда 25 пайызға да жетпеген

Елімізде 2-3 жасында кетік атанатын балғындар көбейіп кетті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1343788-qazaqstan-aygili-lada-priora-koligin-shygharuda.html