RU

Шымкенттік сенатор қазақтардың жалқаулығына күйінді

Кеше Оңтүстік Қазақстанда ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Туған жерді түлету – перзенттік парыз!» салтанатты кездесуі өтті деп хабарлайды rgmedia.kz.

Шараға облыс әкімі Жансейіт Түймебаев пен елімізге танымал көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар мен қазақ эстрадасында өзіндік орны бар өнер майталмандары және кәсіпкерлер сияқты түрлі салада қызмет етіп жүрген 150-ден астам азамат қатысты.

Сонда сенатор Қуаныш Айтаханов қазақтардың жалқаулығы туралы сөз қозғай кетті.

"Бір ауылда неміс, орыс, қазақ қатар тұрды. Сонда немістің ауласына кірсеңіз, орыстың ауласына кірсеңіз, тап-таза. Төңірек айнадай жалтырап жатады. Бау-бақша, мал, бәрі өз ретімен. Сүйсінесіз. Ал, қазақтың ауласына кірсеңіз... Бізде осы жағынан мәселелер бар. Жалпы, бізге көп еңбектену керек", - деді Қуаныш Айтаханов.

Тағы оқыңыздар:

"Дінсіздерге" шабуыл жасауға үгіттеген ақтөбелік тұрғын сотталып кетті

"Ағайынды төртеу" қылмыстық тобы елімізде асқан қатыгездігімен танылған

Дулат Исабеков баланы аз тууды тапсырған Дариға Назарбаеваға ашынды

Қазақ тілінде жүргізілетін сот істері 25 жылда 25 пайызға да жетпеген

Елімізде 2-3 жасында кетік атанатын балғындар көбейіп кетті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1343792-shymkenttik-senator-qazaqtardynh-zhalq.html