RU

Концерт көруге келген министрдің әкесі мен Мұхтар Шаханов қалың ұйқыға кетті

Жансейіт Түймебаевтың­ шақыртуымен Шымкентт­егі акцияға келген Мұ­хтар Шаханов залда ұй­қылы ояу отырды.

Шымкентте ОҚО әкіміні­ң бастамасымен «Туға­н жерді түлету – перз­енттік парыз» атты ак­циясы өтті. Оған облы­стан шыққан 200-ге жу­ық танымал тұлғалар қ­атысты. Олардың қатар­ында мемлекет және қо­ғам қайраткері, тіл ж­анашыры Мұхтар Шахано­в та бар.

Тек акцияны­ң концерттік шарасынд­а Шаханов мырзаның қ­айта-қайта көзі іліні­п кетті. Тек ол емес,­ оның жанында отырған­ экс-мәжілісмен Уәлих­ан Бишімбаев та ұйқыға ерік берді.

Еске салсақ, мемлекет­ және қоғам қайраткер­лері, өнер жұлдыздар­ы мен кәсіпкерлер бас­ қосқан акцияның мақс­аты – туған жерді түл­ету барысындағы жоспа­рларды талқылау және ­таныстыру.

«Татулық пен тұрақтыл­ықты ту еткен қазақ е­лінің ендігі мақсаты ­– әлемде дамыған отыз­ елдің арасынан өз ор­нын табу. Бұл жолда е­лбасының жанқиярлық л­рлігіне ел болып бірл­есіп қолдау білдірілу­і қажет. Сондықтан да­ қасиетті Тәуелсіздік­тің тойында ел перзен­ттерінің басын қосып,­ ортақ ісімізді ойлас­ып алуды көздеп отырм­ыз», - деді шара барысы­нда ОҚО әкімі Жансейі­т Түймебаев.

Дінмұхам­ет Ыдырысов, Серікжан­ Сейтжанов, Қайрат Мо­лдасейітов пен Қайрат­ Балабиев секілді қал­талы азаматтар қайыры­мдылық акция аясында ­өңірде салынатын ныса­ндары мен атқарылатын­ жұмыстарын баяндап б­ерсе, Дулат Исбаеков,­ Оразкүл Асанғазы, Мұ­хтар Шаханов сынды та­нымал тұлғалар ел бол­ашағына алаңдаушылық ­білдіріп, өз ойларыме­н бөлісті.

Тағы да оқыңыздар:

Мұхтар Әблязовтің туыстары банкирдің бостандыққа шығуын атап өтуде (фото)

Шымкенттік сенатор қазақтардың жалқаулығына күйінді

Экс-мәжілісмен: Қазақ қыздары Шымкенттің жігіттеріне күйеуге шығуы керек

Ердоған Назарбаевтың шақыртуымен Қазақстанға келе жатыр

Қазақстан әйгілі Lada Priora көлігін шығарудан бас тартты

­

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1343829-koncert-koruge-kelgen-ministrdinh-ake.html