RU

Қарағандыда 180-ге жуық адам тірідей өртеніп кете жаздады

10 желтоқсанға қараған түні Қарағандыда Ленин атындағы шахтада төтенше жағдай болды. Көмір жанып, соңы өртке ұласқан деп хабарлайды Baq.kz.

Апат кезінде жер астында 178 адам болған. Олар құтқарушылар келгенше шахтадан шығып үлгерді.

Апат орнынан шыққан барлық қызметкер медеициналық тексерістен өтті. Дәрігерлер кеншілердің жағдайы қанағаттанарлық деп отыр, улану белгілері анықталмаған деп мәлімдеді «АрселорМиттал Темірау» АҚ баспасөз қызметінен.

Төтенше жағдайға не себеп болғаны әзірге белгісіз. Қазіргі таңда оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр, кейін көмірдің тұтану себебі анықталады.

Әдетте көмірдің өздігінен жануына кен орнының геологиялық ерекшеліктері әсер етеді.

Тағы да оқыңыздар:

Мұхтар Әблязовтің туыстары банкирдің бостандыққа шығуын атап өтуде (фото)

Шымкенттік сенатор қазақтардың жалқаулығына күйінді

Экс-мәжілісмен: Қазақ қыздары Шымкенттің жігіттеріне күйеуге шығуы керек

Ердоған Назарбаевтың шақыртуымен Қазақстанға келе жатыр

Қазақстан әйгілі Lada Priora көлігін шығарудан бас тартты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1343913-qaraghandydaghy-arselormittal-temirt.html