RU

Қайрат Нұртас нағыз махаббатқа 18 жасында жолыққанын айтты (фото)

Әнші Қайрат Нұртас жеке өмірін барша қазақстандықтардан құпия ұстайды. Оның сүйіктісінің не бар, не жоғы әлі күнге дейін белгісіз.

Десе де желіде әншінің отбасылық суреттері тарап кеткен. Елдің айтуынша, Қайраттың жұбайы және төрт бірдей перзенті бар.

Өз сөзінде әнші құпиясын жаңа түсіретін фильмінде ашатынын айтқан болатын. Ал тыңдармандардың сол күнді күткеннен басқа амалы жоқ. Айтпақшы жуырда ғана өзінің концертінің билетін өзі сатқан әнші «Хабар» арнасына сұхбат беріп, 18 жасында үлкен махаббатты бастан өткергенін айтты.

«Махаббат менде 18 жасымда болды. Енді болмайтын шығар», – деп ағынан жарылды Қайрат Нұртас.

Айта кететіні, дәл осы шақта әншінің алғашқы «Арман» атты бейнебаяны жарық көрген болатын. Жұрт Қайраттың жұбайы деп санайтын Жұлдыз есімді ару да аталмыш бейнеклипте бой көрсеткен.

Тағы да оқыңыздар:

Мұхтар Әблязовтің туыстары банкирдің бостандыққа шығуын атап өтуде (фото)

Шымкенттік сенатор қазақтардың жалқаулығына күйінді

Экс-мәжілісмен: Қазақ қыздары Шымкенттің жігіттеріне күйеуге шығуы керек

Ердоған Назарбаевтың шақыртуымен Қазақстанға келе жатыр

Қазақстан әйгілі Lada Priora көлігін шығарудан бас тартты

Данияр Елеусінов жылдың үздігін анықтайтын сында өзбек боксшысынан қалып қойды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1344030-qayrat-nurtas-naghyz-makhabbatqa-18-zhasyn.html