RU

"Қазақстан аруы" байқауында танымал әнші Қостанай аруына үйлену туралы ұсыныс жасады (фото, видео)

"Қазақстан аруы-2016" ұлттық байқауы кезінде күтпеген жайт орын алды. Кеш жүргізушісі әрі танымал опера әншісі Сүндет Байғожин Қостанай аруы Айткүл Нұрмановаға үйлену туралы ұсыныс жасады.

Мыңдаған көрермендердің көзінше Сүндет Байғожин сүйіктісіне тосынсый жасады. Ол күтпеген жерде 19 жастағы Айткүл Нұрманованы шақырып, жүрек қалауын жеткізді.

Опера әншісі сүйіктісіне жүзік сыйға тартып, өмірлік серігі болуға келісімін сұрады.

Қатты тосылып қалған бойжеткен бастапқыда сасып қалды. Аз уақыт өткен соң ол өзінің жауабын беріп, оған жар болуға келісім берді.

Видео NUR.KZ

Тағы да оқыңыздар:

Мұхтар Әблязовтің туыстары банкирдің бостандыққа шығуын атап өтуде (фото)

Шымкенттік сенатор қазақтардың жалқаулығына күйінді

Экс-мәжілісмен: Қазақ қыздары Шымкенттің жігіттеріне күйеуге шығуы керек

Қайрат Нұртас нағыз махаббатқа 18 жасында жолыққанын айтты (фото)

Ким Кардашьянның "сіңлісі" қызыл кілемге іш киіммен шықты

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1344205-qazaqstan-aruy-bayqauynda-tanymal.html