RU

Қазақстандық балуан қыз әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

11 желтоқсанда Венгрия астанасы Будапеште басталған күрес түрлерінен әлем чемпионатында қазақстандық балуан Айым Әбілдина қола медаль иеленді деп хабарлайды Азаттық.

Әйелдер күресінен 55 келіде белдескен ол 1/8 финалда польшалық Роксана Марта Засинадан, ширек финалда украиналық Татьяна Киттен басым түсті.

Ал жартылай финалда жапониялық Мая Мукаидадан жеңілді. Қола медальға таласта венгриялық Рамона Галамбосты таза жеңді.

Айым Әбілдина осыған дейін Азия чемпионатында бес қола медаль иеленген. Азия ойындарының да қола жүлдегері.

Венгриядағы әлем чемпионаты 12 желтоқсанда аяқталады.

Тағы оқыңыздар:

18 жастағы қызылордалық бойжеткен "Қазақстан аруы - 2016" атағын жеңіп алды (фото)

"Қазақстан аруы" байқауында танымал әнші Қостанай аруына үйлену туралы ұсыныс жасады (фото, видео)

Екі аяғынан айырылған әнші қыз көпшіліктен өзін аямауды сұрады (фото)

Сирияға барып келген келіншек Алматыда құран оқытуды үйретіп жүр (фото)

Индонезияда жер сілкінісінен кейін 12 мың үй жермен-жексен болған

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1344248-qazaqstandyq-baluan-qyz-alem-chempion.html