RU

Тоқсаннан асқан қария: Ұзақ өмір сүрудің сыры - намаз оқуда

Ақтөбе облысы Алға ауданының 93 жастағы тұрғыны ұзақ өмір сүрудің бір құпиясы бес мезгіл намаз оқуда дейді.

Ұлы отан соғысының ардагері күні кешеге дейін күніне екі рет жүгіріп, бассейнге тұрақты түрде барып келгенін айтады, деп хабарлайды «Тілші».

«91 жасыма дейін бассейннен шықпадым. Таңертең және кешке таза ауаға шығып жүгіріп қайтамын. Спорттың денсаулыққа пайдасы зор екені белгілі. Оны мен айтпасам да білесіңдер ғой. Соңғы уақытта жүгіріс пен суға жүзуді азайттым», — дейді Ұзақбай Әметов.

Дегенмен, қария бес мезгіл намазын тастамай келеді. «Рухани пайдасын айтпаған күнде, күніне қырық рәкәт сәждеге маңдай тигізгеннің өзі денсаулықтың мықты болуы үшін жетіп жатыр», дейді ол.

«Қазір күн қысқарды. Таңертең тұрамыз, намазымызды оқимыз. Бес мезгіл намазымызды қаза қылмаймыз. Жазда күн ұзақ, таңғы төрттерде тұрып, құлшылық қыламыз. 23 жыл мешітте қызмет еттім. Қолдан келсе, дене тәрбиесімен айналысқан жөн. Әсіресе, біраз жасқа келгендер қартайдық деп отырып алмай, көбірек қимылдаса екен», — дейді қария.

Тағы оқыңыздар:

18 жастағы қызылордалық бойжеткен "Қазақстан аруы - 2016" атағын жеңіп алды (фото)

"Қазақстан аруы" байқауында танымал әнші Қостанай аруына үйлену туралы ұсыныс жасады (фото, видео)

Екі аяғынан айырылған әнші қыз көпшіліктен өзін аямауды сұрады (фото)

Сирияға барып келген келіншек Алматыда құран оқытуды үйретіп жүр (фото)

Индонезияда жер сілкінісінен кейін 12 мың үй жермен-жексен болған

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1344262-toqsannan-asqan-qariya-uzaq-omir-surud.html