RU

Сот Ақтөбедегі теракті туралы бұрын айтылмаған тың деректерді жариялады (видео)

Ақтөбе облысы қылмыстық істер жөнінде мамандандырылған ауданаралық сот судьясы Ахметқали Молдағалиев Ақтөбеде 5-ші маусымда болған теракт туралы бұрын айтылмаған деректерді мәлімдеді деп жазады Sputnik Қазақстан.

"Негізгі тұлға Ақтөбе қаласының тұрғыны Дмитрий Таңатаров болған. Шамамен 2009 жылдан бастап Таңатаров радикалды діни ағым салафи-джихади жолына түскен. Таңатаров пен оның сыбайластары Сирия аумағына барып, террорлық әрекеттерге қатыса алмаған кезде, шетелдік салафи-джихади ұстанушысының уағызын тыңдап, Таңатаров пен сыбайластары Ақтөбе қаласында теракті жасау арқылы жоспарларын жүзеге асыруға бел буған", — деп атап өтті Молдағалиев.

Судьяның берген мәліметінше, Таңатаровты 25 адам қолдап, қарулы джихад жасауға шығып, оны террорлық топтың әмірі етіп сайлаған. Содан кейін Молдағалиев болған оқиғаларды тіз қатар әңгімелеп берді.

Видео авторы: Елена Максютаның Facebook парақшасынан алынды

Еске сала кетсек, 2016 жылы 5 маусымда бір топ адам екі қару-жарақ дүкені мен Ақтөбе әскери бөлімшесіне қарулы шабуыл жасады. Шабуыл нәтижесінде сегіз адам қаза тапты, олардың үшеуі әскери қызметкерлер болатын. Қарулы күштер шабуыл жасаған 18 адамды тоқтатып, тоғыз адамды ұстады. Ақтөбеде теракті жасағандар "салафизм" діни ағымының ұстанушылары деп аталды.

Террористтерге 28 қараша күні үкім шығарылды: жеті сотталушы өмір бойына бас бостандығынан айырылды, тағы екеуі жазасын 20 және 22 жыл бойы колонияда өтейтін болады.

Тағы оқыңыздар:

18 жастағы қызылордалық бойжеткен "Қазақстан аруы - 2016" атағын жеңіп алды (фото)

"Қазақстан аруы" байқауында танымал әнші Қостанай аруына үйлену туралы ұсыныс жасады (фото, видео)

Екі аяғынан айырылған әнші қыз көпшіліктен өзін аямауды сұрады (фото)

Сирияға барып келген келіншек Алматыда құран оқытуды үйретіп жүр (фото)

Индонезияда жер сілкінісінен кейін 12 мың үй жермен-жексен болған

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1344273-sot-aqtobedegi-terakti-turaly-buryn.html