RU

Шымкентте 50 мектептің ұжымы 27 млн теңгені таппай жер сипап қалған

Шымкенттегі 50 мектептің ұстаздары жарнаға аударған ақшаларын қайтара алмай жүр. Өңірдегі 50 мектептің ұжымы 27 млн теңгені таппай жер сипап қалған деп хабарлайды 31 арна.

Шымкентте қаладағы 50 мектептің бастауыш кәсіподақ ұйымы жетекшілері жарнаға төленген қаражаттың 27 миллионы жоғалып кеткені жайлы шағымдарын айту үшін жиналды. Айтуларынша, кәсіподақтың қалалық ұйым басшылары қомақты қаржыны ысырап еткен. Есебін беріңіздер деген заңды талабымызды тыңдайтын құлақ жоқ деп отыр.

"Біз енді заңды түрде сол ақшаны қайтарамыз деп жатырмыз. Сол үшін біз УВД-ға бергенбіз, тергеуде жатыр. Сот болады. Сол ақшаны не болса да, қайтарсын деп жатырмыз", - дейді, мұғалімдердің сенімді өкілі Валерий Юсупов.

Шағымданушылар бөтеннің мүлкін ысырап еткен деректі тергеу барысында қалалық ішкі істер басқармасының алты айда төрт тергеушісі ауысты деп отыр. Ал аталмыш іске қатысты полициядағылар жауап беру үшін үш күн қажет етіп отыр.

Ал облыстық кәсіподақ ұйымы мұғалімдердің кәсіподағы жеке ұйым болып құрылғанын, өздеріне қарасты мекеме еместігін айтты. Сенімсіздік тудырған кәсіподақтан бас тартқан ұстаздар енді ғана бізге көшті дегенді айтады.

Ал Шымкент қалалық білім бөліміндегілер кәсіподақ ұйымы бізге қарамайды, ол ұстаздардың ерікті ұйымы дейді. Әр мектепте бастауыш ұйым жұмыс жасайды, оған мүше мұғалімдер қаражат аударады дегенді айтты.

Тағы оқыңыздар:

Тағы бір аруға сүйіктісі "Қазақстан аруы-2016" байқауында тосынсый жасады (фото, видео)

Ыстамбұлда жойқын жарылыс болып, 30-ға жуық адам көз жұмды (фото)

Тоқсаннан асқан қария: Ұзақ өмір сүрудің сыры - намаз оқуда

Сот Ақтөбедегі теракт туралы бұрын айтылмаған тың деректерді жариялады (видео)

Қазақстандық балуан қыз әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1344297-shymkentte-50-mekteptinh-uzhymy-27-mln-tenhge.html