RU

Ресейліктер Ислам Кәрімовке ескерткіш қоймақшы

Өзбекстанның тұңғыш президенті Ислам Кәрімовке ескерткіш Ресей астанасында соның есімімен аталған саябаққа орнатылады деп хабарлайды Орталық Азияның жаңалықтар қызметі.

Мәскеу қалалық думасының тасқа салынған сурет өнері жөніндегі комиссиясының жиналысында осындай шешім қабылданды, деп хабарлады жергілікті БАҚ.

Мәскеу қаласындағы Якиманға ауданында орналасқан саябаққа Ислам Кәрімовтің есімі биыл қазанда берілді. Осындай шешімді ресейлік астана мэрі Сергей Собянин Мәскеу үкіметінің отырысында қабылдады.

Саябақ Өзбекстан қонақ үйі мен консулдық бөліміне жақын маңда орналасқан.

"Ескерткіш орнату туралы шешім бірауыздан қабылданды", - деді комиссия төрағасы Игорь Вознесенский.

Өзбекстанның алғашқы президенті Ислам Кәрімов биыл 2 қыркүйекте 78 жасында миына қан құйылу салдарынан қайтыс болды. Ол өзінің туған қаласы - Самарқанда жерленді.

Тағы оқыңыздар:

Тағы бір аруға сүйіктісі "Қазақстан аруы-2016" байқауында тосынсый жасады (фото, видео)

Ыстамбұлда жойқын жарылыс болып, 30-ға жуық адам көз жұмды (фото)

Тоқсаннан асқан қария: Ұзақ өмір сүрудің сыры - намаз оқуда

Сот Ақтөбедегі теракт туралы бұрын айтылмаған тың деректерді жариялады (видео)

Қазақстандық балуан қыз әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1344334-reseylikter-islam-karimovke-eskertk.html