RU

"Қазақстан аруы-2016" байқауында Әнуар Нұрпейісов "Астана аруын" ұялтты (видео)

"Қазақстан аруы-2016" ұлттық байқауы кезінде әділқазылар мүшесі Әнуар Нұрпейісов "Астана аруы" Елназ Нұрсейітованы ұятқа қалдырды.

Байқауға қатысушылардың жасанды еріндері мен кірпіктері, арулардың кітап оқымайтындығы актердің шамына тиген деп хабарлайды NUR.KZ.

Байқау кезеңдерінің бірінде қазылар мүшесі Әнуар Нұрпейісов қатысушы бойжеткенге кітап жайлы өзінің сүйікті сұрағын қояды. Бұл жолы актердің "құрбаны" "Астана аруы" Елназ Нұрсейітова болды.

"Қазақстан аруы-2015" байқауының финалын көрген шығарсыз, мен "Сүйікті кітабыңыз қандай?" деген сұрақ қойғанмын. Қатысушы ешқашан кітап оқымағанын айтып, жауап берді. Ең сұмдығы, ол "Қазақстан аруы" атанды", - деген актер "Астана аруынан" болашақта балаларына қандай үш кітапты оқуға кеңес беретінін сұрайды.

Елназ тосыннан қойылған мұндай сұрақты күтпесе де, актердің сұрағына жауап беріп, үш кітапты атайды.

Алайда Әнуардың бойжеткеннің жауабына көңілі толмай, жасанды дүниеге қызыға бермей, білімін арттыруға кеңес береді.

"Қыздар, мына фейк-қастарыңыз, фейк-нөмірлеріңіз... Білімге ұмтылыңыздар! Біліммен жарысыңыздар. Жасанды ерін, жасанды кірпік, мұның барлығы шынайы емес. Ойланыңыздар!", - деп ашынды актер.

Кейін Әнуар өзінің байқауда айтқан сөзін анық ести алмаған оқырмандарына арнап, Instagram-парақшасынада тағы бір видеоны жария етті

Тағы оқыңыздар:

Ердоған Ыстамбұлдағы терактіге байланысты Қазақстанға келмейтін болды

Ыстамбұлдағы терактіге байланысты Назарбаев Ердоғанға көңіл айтты

Головкин мен Джейкобстың тағдыры 19-шы желтоқсанда шешіледі

Арыстанға ұқсағысы келген танымал әйел түрмеден бір-ақ шықты

Ресейліктер Ислам Кәрімовке ескерткіш қоймақшы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1344430-qazaqstan-aruy-2016-bayqauynda-anuar-nur.html