RU

Әлі жеңіліп көрмеген боксшы Головкинді жекпе-жекке шақырды

IBF нұсқасы бойынша бірінші орта салмақтың чемпионы америкалық Джермалл Черло BoxingScene-ге берген сұхбатында қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен жұдырықтасуға дайын екендігін мәлімдеді.

Бұл туралы vesti.kz-ке сілтеме жасап Егемен Қазақстан басылымы хабарлайды.

Болашақта Черло Головкиннің салмағына көтеріліп, кездесу ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

«Мұндай сынақтан бас тартпаймын. Бұған дейін де өзіндік стилі бар, техникалық жағынан мықты талай боксшымен күн сынасқанмын. Көзімді ашқаннан бокста келемін. Сол үшін мен ешкімнен қорықпаймын. Менің командам қажетті уақытта кездесу ұйымдастыруы мүмкін», – деді ол.

26 жастағы спортшы Головкин секілді ешқашан жеңілген емес. Барлығы 24 жекпе-жек өткізіп, оның 18-ін нокаутпен аяқтаған. Ал қазақстандық боксшы 36 кездесудің 33-ін мерзімінен бұрын аяқтаған болатын.

Тағы оқыңыздар:

Ердоған Ыстамбұлдағы терактіге байланысты Қазақстанға келмейтін болды

Ыстамбұлдағы терактіге байланысты Назарбаев Ердоғанға көңіл айтты

Головкин мен Джейкобстың тағдыры 19-шы желтоқсанда шешіледі

Арыстанға ұқсағысы келген танымал әйел түрмеден бір-ақ шықты

Ресейліктер Ислам Кәрімовке ескерткіш қоймақшы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1344517-ali-zhenhilip-kormegen-alem-chempiony-go.html