RU

Ақтөбелік тұрғын малдың тезегінен биіктігі бес метр шырша тұрғызды (фото)

Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Қарабұтақ ауылының тұрғыны малдың тезегінен шырша тұрғызды, деп жазады әлеуметтік желі қолданушыларына сілтеме жасап "Тілші".

Алайда, биіктігі бес метрден асатын шыршаның нақты қай елді мекенде тұрғызылғаны жайлы нақты мәлімет жоқ.

Ғаламторда пайда болған фотода ер азамат шыршаның алдында тұр.

Интернет пайдаланушыларының айтуларына қарағанда, суретте тезек пен көмір жақпайтын Қарабұтақ ауылы болуы мүмкін.

«Ауылға көгілдір отын келіп, тезек пен көмір əлегінен құтылған өңірдің қойнауы құтты, беткейі берекелі. Қаладағыдай 6 миллионның шыршасын шырайын шығарып жақпай, жоқтан бар жасаймыз», - дейді Қарабұтақ ауылы тұрғындарының бірі.

Тағы оқыңыздар:

"Қазақстан аруы-2016" байқауында Әнуар Нұрпейісов "Астана аруын" ұялтты (видео)

Әблязовтің әйелі күйеуінің түрмеден шыққаннан кейінгі суретін жария етті (фото)

Түнде баланың ерлі-зайыптылардың жатын бөлмесінде қалғаны қаншалықты дұрыс?

Ыстамбұлда жойқын жарылыстан көз жұмғандардың саны 38 адамға жетті

Әлі жеңіліп көрмеген боксшы Головкинді жекпе-жекке шақырды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1344636-aqtobelik-turghyn-esigininh-aldyna-tez.html