RU

Назарбаев Қазақстандағы диктаторлықты нағыз сандырақ деп атады

Жексенбі күні "Хабар" арнасында Ярослав Красиенконың "25KZ Новейшая история" атты деректі фильмі жарық көрді. Аталмыш фильмде Нұрсұлтан Назарбаев сұхбат беріп, бірқатар пікірлерімен бөлісті деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

"Бізде президенттік билік... Оны әркім әрқалай атайды. Диктаторлық, тіпті автократиялық деп атайтындар да бар. Бұл - біздің өмір сүру жағдайымызды білмейтіндердің, біз туралы мүлде хабары жоқтардың нағыз сандырағы. Сол үшін еліміздің билігі бүгінде қалыпты", - дейді президент сұхбат кезінде.

Президент жеке мүлікке қол сұғуға болмайтынына баса назар аударды.

"Өзге жағдайға аяқ басқанымызда, өзге мәселелерді шешу қажет болады. Сол кезде басқаша қалай істеуге болатынын халықпен бірге шешеміз... Бүгінде біз Конституцияға жеке мүлікке қол сұғуға болмайды деген пунктіні қосуымыз керек. Ешкім менің жеке үйіме, пәтеріме рұқсатсыз баса көктеп кірмеуі керек. Өйтпеген жағдайда былық басталады. Күштілер әлсіздердің барын тартып алатын болады", - дейді Назарбаев.

Тағы оқыңыздар:

"Қазақстан аруы-2016" байқауында Әнуар Нұрпейісов "Астана аруын" ұялтты (видео)

Әблязовтің әйелі күйеуінің түрмеден шыққаннан кейінгі суретін жария етті (фото)

Түнде баланың ерлі-зайыптылардың жатын бөлмесінде қалғаны қаншалықты дұрыс?

Ыстамбұлда жойқын жарылыстан көз жұмғандардың саны 38 адамға жетті

Әлі жеңіліп көрмеген боксшы Головкинді жекпе-жекке шақырды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1344767-nazarbaev-qazaqstandaghy-diktatorlyq.html