RU

Назарбаев: Біз Отанымызды сатып жатырмыз дегенді талай естігенмін

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның қалай дамып жатқаны туралы пікірлерін ортаға салды. Президент "Хабар" арнасындағы Ярослав Красиенконың "25KZ Новейшая история" деректі фильміне сұхбат берді деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

«Біз Отанымызды сатып жатырмыз дегенді талай естігенмін. Кәсіпорындарды, аналарды, мыналарды сатып жатырмыз. Мұның бәрі - өзін тым құрымағанда бір жерде көрсетіп қалғысы келетін адамдардың дилетанттық әңгімелері. Ал елді аяқтан тұрғызу үшін ақшаны қайдан алдық? Шамамен 300 млрд доллар тікелей инвестиция тартылды, несие емес. Несиемен 500 млрд болады. Америкалық компаниялар біздің экономикаға өз қаражаттарын құйды. Ал өндірістен түскен ақшаның бәрін өзімізге ала алмаймыз, сондықтан, табыспен бөлістік", - деп түсіндірді Назарбаев.

Президент дәл осы инвестициялармен Қазақстан көтеріле бастағанын алға тартты.

"Еліміздің кен байлықтары жетерлік десек те, бұл Қазақстанға, халыққа не береді? Оларды жерден алып шығып, өндіру керек, сату керек, содан кейін халыққа беру керек... Адамдарға жұмыс та қажет болды", - деп Назарбаев шетелдік инвестицияларды тартудың мәнісін түсіндірді.

Тағы оқыңыздар:

"Қазақстан аруы-2016" байқауында Әнуар Нұрпейісов "Астана аруын" ұялтты (видео)

Әблязовтің әйелі күйеуінің түрмеден шыққаннан кейінгі суретін жария етті (фото)

Түнде баланың ерлі-зайыптылардың жатын бөлмесінде қалғаны қаншалықты дұрыс?

Ыстамбұлда жойқын жарылыстан көз жұмғандардың саны 38 адамға жетті

Әлі жеңіліп көрмеген боксшы Головкинді жекпе-жекке шақырды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1344789-nazarbaev-biz-otanymyzdy-satyp-zhatyr.html