RU

Назарбаев Астанадағы ғимараттар кімнің ақшасына салынғанын айтып берді

Нұрсұлтан Назарбаев "Хабар" арнасының журналисі Ярослав Красиенконың "25KZ Новейшая история" деректі фильміне сұхбат беріп, Астанадағы ғимараттар кімнің ақшасына салынғанын айтты деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

"Бәрі ұмытып та қалды. Мәселен, сенат ғимараты - бұл арабтардың ақшасы. 15 млн долларды Сұлтан ханзада сыйлаған. Ол бізге кішігірім кардиоорталықты да сыйға тартты. Үкімет ғимараты - бұл мұнай компанияларының консорциумы. Мен олардан 25 млн доллар беруін сұрадым, Астана қаласын құрып жатқанымызды айттым... Кувейттіктер бізге әкімдік құру үшін 15 млн доллар берді", - деп тізбектеді президент.

Назарбаев "Салтанат сарайының"  Оман билеушісі берген 10 млн долларына салынғанын да жасырмады.

"Осылайша, түрік команиялары мен өзгелер бізге көмектесті. Бұл, шамамен 300 млн доллар еді, ірі инвестициялар", - дейді президент.

Тағы оқыңыздар:

"Қазақстан аруы-2016" байқауында Әнуар Нұрпейісов "Астана аруын" ұялтты (видео)

Әблязовтің әйелі күйеуінің түрмеден шыққаннан кейінгі суретін жария етті (фото)

Түнде баланың ерлі-зайыптылардың жатын бөлмесінде қалғаны қаншалықты дұрыс?

Ыстамбұлда жойқын жарылыстан көз жұмғандардың саны 38 адамға жетті

Әлі жеңіліп көрмеген боксшы Головкинді жекпе-жекке шақырды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1344807-nazarbaev-astanadaghy-ghimarattar-kim.html