RU

Қостанайда екі адамды тірідей өртеп жібергендер сотталып кетті

Қостанай облысының қылмыстық істер бойынша арнайы сотында Рудный қаласында болған екі адамды тірідей өртеу бойынша сот аяқталды. Сотталғандар – 24 пен 33 жас аралығындағы бес ер адам деп хабарлайды Қостанай таңы.

Естеріңізде болса, ғайынды Егошиндер, Самадаховтар және олардың достары Курочкин мас күйінде Рудныйдың шетінде орналасқан түсті металл қабылдау пунктін тонамақ болған еді. Шабуылдаушылар күзетшілер отыратын вагонға басып кіріп, екі күзетшіні байлап, сыртқа алып шығады.

Өзгелері түсті металл салынған қаптарды алып шығып жатқанда, бұрындары осында істеген Сергей Егошин байлаулы жатқан адамдардан гараж кілтін талап етіп, "өртеп жіберемін" деп қорқытады. Бес қылмыскердің арасында жас жағынан ең кішісі де осы Сергей Егошин ақыры күзетшілердің үстіне бензин құйып, өртеп жіберген.

Денелерінің 100 пайызын күйік шалған күзетшілер бір тәуліктен кейін көз жұмды. Ауруханаға жеткізілмей тұрып, еш көмек шақыруға мұршалары болмағандықтан, алты сағат бойы далада жатып қалған еді.

Сот шешімі бойынша, Сергей Егошин қатаң режимдегі колонияға 21 жылға қамауға алынады, ал оның туыс ағасы Павел жалпы режимдегі колонияда жеті жарым жылын өткізеді.

Виталий Самадахов 8 жылға бас бостандығынан айырылды, ол да жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейді. Артём Самадахов 9 жылға және Евгений Курочкин 8,5 жылға сотталды, олар жазаларын айрықша режимдегі колонияда өтейтін болады.

Сотталғандар ұрланған металлдың құнын (83 мың теңге) қайтаруы тиіс. Ал Сергей Егошин көз жұмғандардың отбасына моральдық шығын ретінде 1,5 миллион теңге төлеуге міндеттеді.

Тағы да оқыңыздар: 

Назарбаев: Біз Отанымызды сатып жатырмыз дегенді талай естігенмін

Ділназ Ахмадиева күйеуінің қалай сатқындық жасап, көзіне шөп салғанын жайып салды

Назарбаев Астанадағы ғимараттар кімнің ақшасына салынғанын айтып берді

Ақтөбелік тұрғын малдың тезегінен биіктігі бес метр шырша тұрғызды (фото)

Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болады

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1344834-qostanayda-eki-adamdy-tiridey-ortep-zh.html