RU

Жерленгеніне бес апта өткен бойжеткен аяқ асты "тіріліп кетті"

АҚШ-тың Солтүстік Каролина штатында жерленгеніне бес апта өткен бойжеткен аяқ асты тірілілердің қатарынан табылды. Бұл туралы NUR.KZ порталы deadbees.net сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

29 жастағы Уитни Уилер қоғамдық көлікте жантүршігерлік жол апатына түседі. Бойжеткенді өлді деп тапқан дәрігерлер ата-анасына қаралы хабар жеткізген. Ата-анасы адам танымас күйге түскен қызының мәйітін жерлеп, қаралы жағдайға түскенде, бойжеткен шын мәнінде емханада ес-түзсіз күйде жатқан.

Мұндай қателіктерге дәрігерлер жол апаты кезінде екі бойжеткеннін құжаттары ауысып кеткенінен кейін жол беріпті. Онымен қоса, екі бойжеткен де бір-біріне ұқсайтын болып шыққан. Уитнидің ата-анасы өзгенің қызын жерлеп, жылап жатқанда, Лаура есімді бойжеткеннің ата-анасы емханада жатқан Уитнидің сауығуын сарғайып күтіп жүрген.

Уитнидің жол апатынан бет-жүзі қатты ісінгендіктен, ешкім екі бойжеткенді ажырата алмапты. Тек әпкесі бірталай уақыттан кейін Уитнидің тісі Лаураға ұқсамайтынын ұққан.

Сол сәтте Лаураның жерленгеніне бес апта өтіп кеткен еді. Уитниден дәрігерлер есімін де сұрай алмайды. Себебі, бойжеткен сөйлейтіндей күйде емес болатын. Алайда бар күшін жинап, есімін қағазға жазып берген ару бәрін таң қалдырған.

Уитнидің ата-анасы қызының тірі екеніне зорға сенген. Ал Лаураның ата-анасына бойжеткеннің мәйітін қазып алып, қайта жерлеуіне тура келді.

Тағы да оқыңыздар: 

Назарбаев: Біз Отанымызды сатып жатырмыз дегенді талай естігенмін

Ділназ Ахмадиева күйеуінің қалай сатқындық жасап, көзіне шөп салғанын жайып салды

Назарбаев Астанадағы ғимараттар кімнің ақшасына салынғанын айтып берді

Ақтөбелік тұрғын малдың тезегінен биіктігі бес метр шырша тұрғызды (фото)

Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болады

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1344880-zherlengenine-bes-apta-otken-boyzhetke.html