RU

Шымкентте бұрын-соңды болмаған ірі ойын-сауық орталығы ашылды

Шымкенттегі ең ірі сауда және ойын-сауық орталығының ашылу салтанатына барған ОҚО әкімі түрлі аттракциондарда ойнап жүрген бүлдіршіндермен тілдесіп, ойынның қай түрі ұнағанын сұрады.

Мұнан соң халықпен тілдесіп, қуаныштарына ортақтасты, деп хабарлайды NUR.KZ-тің өңірдегі тілшісі.

«Shymkent Plaza» сауда және ойын-сауық орталығының аумағы 48 400 шаршы метрді құрайды. Жоба құрылысын әлемдік деңгейдегі ірі сауда орталықтары – Лондондағы «Westfield», Сингапурдегі «Elements», Абу-Дабидегі «Ferrari Word» және Алматыдағы «Dostyk Plaza»-ның құрылысын жүргізген "Benoy" архитектуралық компаниясы жүргізген.

Жеке инвестиция есебінен салынған орталықтың ашылу салтанатына ОҚО мен Шымкент әкімдері арнайы қатысты.

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі бұл орталықтың ашылуы тұрғындар үшін Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай жасалынған үлкен сый деп атап өтті.

«Бұл орталықтың ашылуы ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесі қарсаңында үлкен оқиғаға баланып отыр. Мұны Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындары үшін жерлесіміз, кәсіпкер Серік Төлбасов мырзаның керемет сыйы деп айтуға болады. Осындай ғимараттар көп бола берсе, қаламыздың сәні кіріп, әрлене түседі. Халқымыздың демалатын орны молая береді. Бұл да болса елбасымыздың кәсіпкерлікке жасаған қамқорлығының арқасында іске асып отырған дүние», - деді облыс әкімі Жансейіт Қансейітұлы нысанның ашылу салтанатында.

«Shymkent Plaza» орталығы 500 адамды тұрақты жұмыс орнымен қамтып отыр. Айтпақшы, үш қабатты ғимарат ішінде түрлі әлемдік брендтік киімдер мен фаст-фуд тағамдарын табуға болады.

Сонымен қатар мұнда Шымкентте бұрын-соңды болмаған Dolby Atmos дыбыстық жүйесі орнатылған 7 кинотеатр залы бар. Тағы да айта кетерлігі, балалы аналар үшін де арнайы бөлме қарастырылған.

Ғимаратты аралап көрген ОҚО әкімі халықпен тілдесті.

«Ұнап жатыр ма? Егер ұнаса, тағы бірнешеуін саламыз. Қай жері ұнады? Ерекшелігі не басқа орталықтардан?» деген Түймебаевтың сұрағына келушілер балалар ойын-сауығы ерекше көзге түскенін жеткізді. Мұны естіген аймақ басшысы аттракционға бет бұрып, кішкентай бүлдіршіндермен тілдесіп, жұртшылықты жаңа орталықтың ашылуымен құттықтады.

Тағы да оқыңыздар: 

Назарбаев: Біз Отанымызды сатып жатырмыз дегенді талай естігенмін

Ділназ Ахмадиева күйеуінің қалай сатқындық жасап, көзіне шөп салғанын жайып салды

Назарбаев Астанадағы ғимараттар кімнің ақшасына салынғанын айтып берді

Ақтөбелік тұрғын малдың тезегінен биіктігі бес метр шырша тұрғызды (фото)

Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1344906-shymkentte-buryn-sonhdy-bolmaghan-iri-oy.html