RU

Танымал журналист арсыздықты насихаттайтын "Қазақстан аруы" байқауына қарсы шықты

Танымал журналист Асхат Садырбай "Қазақстан аруы" байқауын өткізуді доғаруды талап етті деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы ол желідегі парақшасында айтты.

"Miss Kazakhstan байқауына қос қолдап қарсымын. Оның бізге түкке де пайдасы жоқ. Іш киіммен әлемнің саxнасына шығып әдемі ару деген атаққа таласу не теңіміз? Қазақ қызының сыр тартар сұлулығы, әдемілігі талайларды баяғыда-ақ таң қалдырған, мойындатып қойған, қазір де шетелден келгіштеп кеткендер оны қайта-қайта айтып мойындап жүр ғой", - деген ол қазақ қыздарының сұлулығы бұрыннан белгілі екенін айтады.

"Сонда қаракөздеріміз несімен сұлу деп бір сәт ойланып көріңізші. Олар тазалығымен, пәктігімен, инабаттылығымен, ибалылығымен, тәрбиесімен, мәдениетімен сұлу. Біздің қыздар - біздің қарындастарымыз, әпкелеріміз, аналарымыз, Қазақстан аруынсыз-ақ, барлық қыз әдемі, барлығы бас жүлдеге лайық. Бұл сұлулық байқауының ар жағында қандай саясат жатқаны бесенеден белгілі. Доғармасақ тектілігімізге сын. Тегі байқаусыз болмайды десеңіздер өзіміздің баяғы "Қыз сыны" деген жап-жақсы байқауды жаңа форматта қайта жаңғыртуға болады", - деген ұсыныс айтты ол.

"Жылда осы, қатысатын қазақ, оны кітап оқымайды, надан деп мазақ ететін де қазақ. Оларға күлгенше жағдайды түзейікші. Жастардың, әсіресе әдемі қыздардың қоғамдағы рөлі бұл байқаумен шектелмейтінін ұғындырайықшы, түсіндірейікші ерте бастан, мектеп жасынан жақсыға үйретейікші, кітапқа қызықтырайықшы. Ал, мынау арсыздықты доғарайық. Есімізді жияйық. Сынай бергенше бір адам болса да тамшыдай үлес қоссын. Өзімізді өзіміз ғана түзейміз. Өзгенің оған басының ауырғаны қанша?!", - деген ол өзінің жанайқайын жеткізді.

Желі қолданушыларының дені оның бұл пікіріне қосылатындарын айтты. Олардың айтуынша, мұндай байқаудың ешкімге де қажеті жоқ.

Тағы да оқыңыздар:

Назарбаев: Біз Отанымызды сатып жатырмыз дегенді талай естігенмін

Ділназ Ахмадиева күйеуінің қалай сатқындық жасап, көзіне шөп салғанын жайып салды

Назарбаев Астанадағы ғимараттар кімнің ақшасына салынғанын айтып берді

Ақтөбелік тұрғын малдың тезегінен биіктігі бес метр шырша тұрғызды (фото)

Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1344992-tanymal-zhurnalist-qazaqstan-aruy-bay.html