RU

Мақпал Исабекова Instagram-дағы парақшасын бір жарым миллионға сатпақшы

Отандық әнші Мақпал Исабекова өзінің Instagram желісіндегі парақшасын 1 млн 500 мың теңгеге бағалап, сатылымға шығарды деп хабарлайды NUR.KZ.

Оқырмандар саны 1 млн-ға жеткен әнші жұрт таң қалдырды. Ол өзінің аккаунтын сататынын мәлімдеді.

"Бүгінгі кештің басты жаңалығы оқырмандарымның саны 1 млн-ға жеткені болып отыр. Миллион болды, сонымен бұдан не пайда? Өзімнің миллионер әріптестерімнің қатарын толықтырдым. Ал кез келген нәрсенің мәні болуы керек. Сөйтіп мен 1 млн оқырманы бар парақшамды сатамын деп шештім.

Сатамын да ақшаны аса мұқтаж адамға беремін. Сіздер не ойлайтындарыңызды білмеймін, бірақ менің ойымша, бизнес өкілдеріне де менің аккаунтым қажет болып қалар", - деген ол 1 млн 500 мың теңге деген тек тастапқы баға екенін айтты.

Сонымен бірге, оның айтуынша, егер парақша сәтті сатылып кетсе, онда ол жаңадан парақша ашатын болады.

Тағы оқыңыздар:

Танымал журналист арсыздықты насихаттайтын "Қазақстан аруы" байқауына қарсы шықты

Артық салмақтан арылғысы келген шетелдіктер шымкенттік орталыққа ағылуда (фото)

Назарбаев: Біз Отанымызды сатып жатырмыз дегенді талай естігенмін

Ділназ Ахмадиева күйеуінің қалай сатқындық жасап, көзіне шөп салғанын жайып салды

Ақтауда бір топ жігіт көше ортасында төбелесіп қалды

Жерленгеніне бес апта өткен бойжеткен аяқ асты "тіріліп кетті"

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1345043-maqpal-isabekova-instagram-daghy-paraqshasyn-bi.html