Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мөлдір Әуелбекова ұлына елде жоқ есім берді

Опубликовано:

Танымал әнші Мөлдір Әуелбекованың ұлына қандай есім берілгені белгілі болды деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы 31-арнаның "Айта берсін" бағдарламасынан белгілі болды.

24 қарашада босанып, тұңғыш ұлын қолын алған Мөлдір Әуелбекова ұлды болғанын елге дабыра қылып, жариялағысы келмеген. Сондықтан оның перзентханадан шығарып алу рәсіміне БАҚ өкілдері қатысқан жоқ.

Мөлдірдің өзі ұлына қандай есім бергені туралы жұмған аузын ашпай отырса да, оның құрбысы Меруерт Мүсірәлі білетіндерін жасырмай айтып берді.

"Кішкентайдың есімін Салтай деп қойды. Бірінші балалары әрі ұл болған соң, есімін қайын жұрты қойды. Өзім әлі барған жоқпын. Себебі, Мөлдірдің анасы шілдехана тойында барлығының басын қосып, шақырамыз деді. Бірақ, мен шыдамай, жол түсіп тұрса, барып келемін деп ойлап отырмын", - деді ол.

Тағы да оқыңыздар:

Назарбаев: Біз Отанымызды сатып жатырмыз дегенді талай естігенмін

Ділназ Ахмадиева күйеуінің қалай сатқындық жасап, көзіне шөп салғанын жайып салды

Назарбаев Астанадағы ғимараттар кімнің ақшасына салынғанын айтып берді

Ақтөбелік тұрғын малдың тезегінен биіктігі бес метр шырша тұрғызды (фото)

Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1345109-moldir-auelbekova-ulyna-elde-zhoq-esim/

pixel