RU

Британдық азамат үйін ертегідегідей етіп сәндеу үшін $1000 жұмсаған

Британиядағы Ньюпорт қаласының тұрғыны келе жатқан Рождество мейрамына орай үйін безендіруге мың доллар жұмсаған. Бұл туралы The Sun басылымы жазады деп хабарлайды NUR.KZ.

Шейла Гилл және Джон Рейнолдс өз үйлерін түрлі шамдармен және фигуралармен әсемдепті. Келіп көрем деушілерге екі жарым долларға есік ашық. Одан түскен қаржыны ерлі-зайыпты қайырымдылық ұйымдарына бермек.

2015 жылы Уэльс тұрғыны осындай аттракционнан 22 мың доллар табыс тапқан. Алайда безендіруге нақты қанша қаражат жұмсалғаны белгісіз. Үйдің декорациясын сол кезде Еуропадағы ең үздік безендіру деп тапқан.

«Былтыр біздің үйді көруге елдің түкпір-түкпірінен келген. Манчестер, Лондон тұрғындары болды», - деп еске алады Рейнолдс.

Тағы оқыңыздар: 

Бердібек Сапарбаев: Арамызда әлі күнге дейін кеңес үкіметін аңсайтындар бар

Қызылордалық келін: Министр келін болсаң да босағада отыруға міндеттісің

Ақтөбелік келіншек күйеуін өлтірген дөкейдің ұлдары жазасыз қалғанына күйінді(фото)

Виктор Храпунов пен оның жұбайының Швейцариядағы шалқыған өмірі (фото)

Қытайда табытта тіріліп кеткен қалыңдықтың мәйіті жұртты шошытты (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1345365-britandyq-azamat-uyin-ertegidegidey.html