RU

Қытайда табытта тіріліп кеткен қалыңдықтың мәйіті жұртты шошытты (фото)

Қытайда өлген ер адаммен бірге жерленген қалыңдықтың мәйіті табыттың ішінде тіріліп кетіп, жұрттың зәресін алды. Бұл туралы NUR.KZ порталы worldgistentertainment.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қытайда өлген ұлымен бірге "қара базардан" әйелдің мәйітін сатып алып, қасына қалыңдық ретінде жерлеу дәстүрі бар. Осы дәстүрді ұстанған қаралы отбасы ұлына арнайы 30000 юаньға (£ 3448) адам сатушылардан қалыңдық мәйітін сатып алады.

Чжао Мэй есімді бойжеткеннің мәйітіне әдемілеп қалыңдық көйлегін кигізген тұрғындар оны ер адам жатқан табытқа бірге жатқызады.  Табытты жақсылап шегелеп, енді жерлеуге кірісе бергенде, марқұмның туыстары одан тарсылдаған дыбыстарды естіп, зәре-құттары қашқан.

Олар дереу табытты ашқанда, өз көздеріне сене алмайды. Табытта өлдіге санаған қалыңдық аяқ асты тіріліп кеткен. Жерлеушілер дереу полицейлер мен дәрігерлерді шақыртып, бойжеткен тірідей жерленіп кетуден құтқарылды.

Мэйдің "мәйітін" сатып алғандар амалсыз сатушылардың есімін жария етті. Белгілі болғандай, бойжеткен ақыл есінде ауытқуы бар, саңырау әрі мылқау адам екен. Ол, тіпті көмекке шақырып айқайлай алатын күйде болмаған.

"Қара базардағы" сатушылар оған түрлі естен тандырғыш дәрілерді ішкізіп, өлген адам ретінде сатып жіберген. Абырой болғанда бойжеткен ауыр дәрілерден кейін де оянып үлгеріп, аман қалды.

Полицейлер бойжеткеннің кебін киюге шақ қалған тағы бес әйелді қылмыскерлерден құтқарып үлгерді. Шілденің ортасында болған бұл жантүршігерлік жайт туралы енді ғана жұртқа жария етілді. Бүгінде барлық адам сатушылар сотта жауапқа тартылып жатыр.

Тағы оқыңыздар:

Танымал журналист арсыздықты насихаттайтын "Қазақстан аруы" байқауына қарсы шықты

Артық салмақтан арылғысы келген шетелдіктер шымкенттік орталыққа ағылуда (фото)

Назарбаев: Біз Отанымызды сатып жатырмыз дегенді талай естігенмін

Ділназ Ахмадиева күйеуінің қалай сатқындық жасап, көзіне шөп салғанын жайып салды

Ақтауда бір топ жігіт көше ортасында төбелесіп қалды

Жерленгеніне бес апта өткен бойжеткен аяқ асты "тіріліп кетті"

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1345368-er-adammen-birge-zherlengen-qalynhdyq.html