RU

Тәуелсіздік күніне орай студенттерге арналған арнайы көрсетілім

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай 8 және 10 желтоқсан күндері Астана қаласындағы Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ студенттер үйінің кинозалында және Алматы қаласындағы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ кітапханасында «Хабар» Агенттігінің арнайы көрсетілімі өтті.

Шараға студенттер және Агенттік қызметкерлері қатысты.

Көрерменге «Хабар» Агенттігінің тапсырысымен  түсірілген қазақтың біртуар  композиторы Нұрғиса Тілендиев туралы «Құстар әні» тарихи драмасының алғашқы бөлімі ұсынылды.

«Тәуелсіздік күні жақындаған сайын Қазақстанның әрбір азаматы өткенді еске алып, бүгінімен салыстырады, жоспарларының жүзеге асқан-аспағандығы туралы қорытынды жасайды. Біздің әрқайсымыздың мақтан тұтар дүниеміз бар. «Хабардың» басты мақтаныштарының бірі – өзінің телехикаялар өндірісі, әсіресе еліміздің танымал тұлғалары туралы көлемді жобаларын айтуға болады. Өткен жылы біз әйгілі композитор Нұрғиса Тілендиев туралы сериалдың тұсауын кестік. Көрермен ыстық ықыласын білдірген болатын. Жұртшылыққа актерлердің ойыны ұнап, декорация және костюмдер тура сол уақытқа тап болғандай күйге түсіргенін айтқан еді. Осы жылы біз хикаяны жас ұрапққа көрсеткіміз келді. Себебі олар біздің болашағымыз. Нұрғиса Атабайұлының өмірі, оның музыкаға адалдығы студенттерді игі істер жасауға шабыттандырады деп ойлаймыз» - деді «Хабар» арнасы директорының орынбасары Ерлан Игісінов.

Фильмнің бір бөлімі көрсетілген соң Л.Гумилев атындағы ЕҰУ және Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ өкілдеріне мұрағатта сақтау үшін сыйлықтар табыс етілді.

*PR құқында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1345400-tauelsizdik-kunine-oray-studentterg.html