RU

Талдықорғандық әйел ұрылар астаң-кестеңін шығарған үйін көрсетті (фото)

Талдықорғандық әйел ВКонтакте әлеуметтік желісінде ұры түскен үйін көрсетіп, халықты сақ болуға шақырды деп хабарлайды NUR.KZ.

"Талдықорғандықтар абай болыңыздар! 09.12.2016 күні олар сәйкес келетін кілт тауып, менің пәтеріме кірген. Жұмыстан кейін үйіме келіп, есікке кілтті салып ашайын десем, сыртқы есік ашық тұр. Пәтеріме кірсем, міне, төмендегідей жайттың куәсі болдым. Барлық жерді тінтіп шыққан, тіпті, жуынатын бөлмені де ақтарып тастаған. Барлық зергерлік бұйымдарымды ұрлап кетіпті. Кейін жаңадан сатып алған ыдысымды тіпті, құты толы әтірімді де алып кеткенін білдім. Тағы да ұсақ-түйек заттарды да ала кеткен. Үйдегі заттарды түгендеп шығу мүмкін емес, әлі бірталай дүниелер жоқ болуы мүмкін. Сол күні күні бойы үйінде болған көршілерім ештеңе естімеген, ештеңе байқамаған. Ал жабық тұратын подъезге олар білдірмей кірген. Сөзімнің тоқетері айтарым сақ болыңыздар! Өзіңіз бен өз мүлкіңіздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық мүмкін болатын шараларды қолға алыңыз", - деп жазды ол желідегі парақшасында.

Тағы оқыңыздар: 

Бердібек Сапарбаев: Арамызда әлі күнге дейін кеңес үкіметін аңсайтындар бар

Қызылордалық келін: Министр келін болсаң да босағада отыруға міндеттісің

Ақтөбелік келіншек күйеуін өлтірген дөкейдің ұлдары жазасыз қалғанына күйінді(фото)

Виктор Храпунов пен оның жұбайының Швейцариядағы шалқыған өмірі (фото)

Қытайда табытта тіріліп кеткен қалыңдықтың мәйіті жұртты шошытты (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1345493-taldyqorghandyq-ayel-urylar-astanh-kes.html