RU

Қазақ балуаны әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

11 желтоқсанда Венгрия астанасы Будапеште басталған күрес түрлерінен әлем чемпионатында қазақстандық балуан Нұрлан Бекжанов күміс медаль иеленді деп хабарлайды NUR.KZ.

Қазақ балуаны финалда ресейлік Магомед Курбаналиевке 4:8 есебімен есе жіберіп, күміс жүлдегер атанды.

Нұрлан Бекжанов ширек финалда молдовалық Михаил Саваны 0:7 есебімен таза жеңсе, жартылай финалда жапониялық Набуоши Такожиманы 6:10 есебімен тізе бүктіріп, финалға жолдама алған.

Айта кетейік, Бекжанов еркін күрестен ересектер арасында əлем чемпионатының финалына шыққан тұңғыш қазақ балуаны.

Қазақстан еркін күрестен әлем чемпионатында соңғы рет медальді 2011 жылы алған. Ол кезде Дәулет Ниязбеков пен Дәурен Жұмағазиев қола жүлде иеленген болатын.

Тағы оқыңыздар: 

Бердібек Сапарбаев: Арамызда әлі күнге дейін кеңес үкіметін аңсайтындар бар

Қызылордалық келін: Министр келін болсаң да босағада отыруға міндеттісің

Ақтөбелік келіншек күйеуін өлтірген дөкейдің ұлдары жазасыз қалғанына күйінді(фото)

Виктор Храпунов пен оның жұбайының Швейцариядағы шалқыған өмірі (фото)

Қытайда табытта тіріліп кеткен қалыңдықтың мәйіті жұртты шошытты (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1345572-qazaq-baluany-alem-chempionatynynh-kum.html