RU

Нұрлан Ноғаев: Біз қоғамды ұлтсызданудан қорғауымыз керек

Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев қазақ қоғамын ұлтсызданудан қорғауымыз керек деп мәлімдеді.

Аймақ басшысы бұл туралы облыста өткен республикалық Жұмекен Нәжімеденов оқулары кезінде айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

"Арамызда дәстүрін, мәдениетін ұмытып бара жатқан азаматтар бар. Біз ұл-қыздарымызды ұлтсызданудан қорғауымыз керек. Ал, бұл процеске төтеп беретін бірден-бір нәрсе – рухтың биіктігі. Жастар рухқа азық болатын халқының мұраларынан үнемі нәр алып отыруы қажет", - деді Нұрлан Ноғаев.

Айта кетелік, Жұмекен Нәжімеденов атындағы республикалалық көркем сөз оқу шеберлері сайысы облыста биыл бірінші рет өткізіліп отыр.

Жұмекен Нәжімеденов – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнұраны мәтінінің авторы, көрнекті ақын, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының иегері.

Тағы оқыңыздар: 

Бердібек Сапарбаев: Арамызда әлі күнге дейін кеңес үкіметін аңсайтындар бар

Қызылордалық келін: Министр келін болсаң да босағада отыруға міндеттісің

Ақтөбелік келіншек күйеуін өлтірген дөкейдің ұлдары жазасыз қалғанына күйінді(фото)

Виктор Храпунов пен оның жұбайының Швейцариядағы шалқыған өмірі (фото)

Қытайда табытта тіріліп кеткен қалыңдықтың мәйіті жұртты шошытты (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1345581-nurlan-noghaev-biz-qoghamdy-ultsyzdanu.html