RU

Көңілі басқа әйелге ауған еркекті қалай ұстап қалуға болады?

Әлеуметтік желіде Құралай ханым атымен танымал белгілі блогер, туыстарымен, әке-шешесі, ата-енесі, күйеуімен ара қатынасын жақсартқысы келіп жүрген қыз-келіншектерге арнап, тың тәсілмен бөлісті деп хабарлайды ikerim.kz порталы.

"Ушығып кеткен, қиын ара-қатынасты жақсартам десең, сол адамның аяғын жуып, тырнағын алып бер. Бұл метод — бiз бiлмейтiн «құпия әлеммен, тылсым дүниемен» катысты ғой деймін, себебі екі адамның арасына түсініксіз бiр жақсы сезім мен жылулық құяды", - деген блогер өзіне «қалай қарым-қатынасымды дұрыстаймын?», «не iстеуге болады?» деген хаттар жиі келетінін айтады.

"Бірақ адамдардың өміріне қарап отырсаң, өмір бақи арпалысып, көне алмаған ерлі-зайыптыларды немесе келiн мен енені қартайған уақытында құдай ауру арқылы бiр-бiрiне иiп береді. Ол кезде аяқ тұрмақ барлық жерiн жуу қажет болады. Қартайғанда қиналып жүргенше жас кезде жарқырап жүрiп жасау керек бәрін", - деген Құралай ханым өзгенің аяғын жуу немесе жумау әркімнің өз шаруасы дегенді айтты.

Сонымен қатар блогер "күйеуім басқа әйелге кетейін деп жатыр" байбалам салатын ханымдарға: "күйеудi ұстап алып, аяғына күнде педикюр жасай беріңдер", - деп кеңес береді.

Тағы оқыңыздар: 

Бердібек Сапарбаев: Арамызда әлі күнге дейін кеңес үкіметін аңсайтындар бар

Қызылордалық келін: Министр келін болсаң да босағада отыруға міндеттісің

Ақтөбелік келіншек күйеуін өлтірген дөкейдің ұлдары жазасыз қалғанына күйінді(фото)

Виктор Храпунов пен оның жұбайының Швейцариядағы шалқыған өмірі (фото)

Қытайда табытта тіріліп кеткен қалыңдықтың мәйіті жұртты шошытты (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1345618-belgili-bloger-kuyeuim-basqa-ayelge-k.html