RU

Ақтөбелік алты жасар қыз "Келін" сериалын түгелдей жаттап алған

Ақтөбеде 6 жасар қыз «Келін» телехикаясының әрі қарай қалай жалғасатынын айтты деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Бүгінде отандық телеарналарды жаулаған шетелдік телесериалдарды еңкейген қариялардан бастап кішкентай бүлдіршіндерге дейін тамашалайды. 12 жастан бастап көруге рұқсат бергенімен «Келін» телехикасының аудиториясы жоғары екені сөзіміздің дәлелі. Соның бірі  - Алға ауданында тұратын Жансая Нұрғали.

Жансая халық арасында "Ананди" аталып кеткен сериалды 4 жасынан бастап көріп келеді. Бүгінде мектепте даярлық сыныбында оқиды. Оқу үлгерімі де жоғары. Оның айтуынша, үзіп беретін телехикаяның жалғасын YouTube желісінде хинди тілінде қарайды екен. Әрине, бүлдіршін сериалды демалыс кезінде көретінін жеткізді.

Сонымен хикая қалай жалғасады?

"Иә, телехикая әлі ұзақ жалғасады. Бүгінде Ананди өзінің қызын тапты. Немболиді асырап алған Ахирадж Синх сотталады. Алайда ол түрмеден қашып шығады. Ананди Ахриадждың қолынан қаза табады. Бұл сериалдың жалғасы Анандидің қызының оқиғасымен жалғасады", – дейді алты жасар Жансая.

Айта кетейік мұндай телехикаяларды балалардың тамашалауына көпшілік қарсы. «Келін» телехикасы «Қазақстан» телеарнасында төрт жылға жуық көрсетіліп келеді.

Ел арасында қариялардың: "Дүниеде ұл көрдік, қыз көрдік, немере сүйдік, бақыттымыз. Алайда, Анандиді соңына дейін көріп кетсек, арманымыз жоқ» деп әзілдегені бар.

Тағы да оқыңыздар:

Еліміздегі бай-бағландардың қыздары мен әйелдері қалай көңіл көтереді? (фото)

Алматы көшелерін "мүйізі" бар қымбат көлік кезіп жүр (фото)

Белгілі блогер "күйеуім басқа әйелге кетейін деп жатыр" жар салғандарға кеңес берді

Жасы 45-ке келсе де, 20-дағы бойжеткендей көрінетін әйел

Қытайда табытта тіріліп кеткен қалыңдықтың мәйіті жұртты шошытты (фото)

Қызылордалық келін: Министр келін болсаң да босағада отыруға міндеттісің

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1345727-kelin-serialyn-tugeldey-zhattap-alghan.html