RU

Түркістан әкімі Тәуелсіздік қарсаңында жерлестерін қуантып тастады (фото)

Түркістан қаласының әкімі Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында жерлестерін қуантып тастады, деп хабарлайды NUR.KZ-тің өңірдегі тілшісі.

Түркістан әкімі Әліпбек Өсербаев өңірдегі әлеуметтік жағдайы төмен 125 отбасыға өз қаржысы есебінен бір жолғы көмек көрсетті. Яғни, қала әкімдігінің мәжіліс залына халықты жинаған әкім жұртшылықты Тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, тұрмысы төмен отбасыларға ұн, картоп, қант, пісте май және тағы да басқа азық-түлік таратты.

Осындай көмекке ие болғандардың бірі – Жәмиля Төлешова.

Қайырымдылық шарасынан тыс қалмаған тұрғын әркез осындай қолдауларға ие болып келе жатқандығын атап өтіп, әлеуметтік қолдауға зәру жандар атынан жергілікті билік пен мемлекет басшысына алғысын жаудырды.

Айта кетерлігі, қайырымдылық шара барысында Өсербаев мырза азаматтарға тұрмыстық қиындықты жеңуге талпыну қажеттігін ескертіп, ары қарай жұмыс жасау керектігіне тоқталып өтті.

Тағы оқыңыздар:

Алматылық оқушыларға жаңа жылда сыйлық берілмейтін болды

"Ислам мемлекеті" кепілге алған христиандарды 50 мың доллардан сатуда

Қазақ балуаны әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Ақтөбелік алты жасар қыз "Келін" сериалын түгелдей жаттап алған

Қазақстанда алдағы үш күнде боран соғады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1345735-turkistan-akimi-tauelsizdik-qarsanhy.html