RU

Трамп Қытайдың саясатын құлағына да ілмейтінін ашып айтты

АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамп Тайвань мен АҚШ арасындағы қарым-қатынас мәселесінде Қытайдың кеңесіне мұқтаж емес екенін айтты. Бұл туралы ол Fox News телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz.

«Қытайдың маған бұйрық беріп, жол көрсеткенін қаламаймын», - деді АҚШ-тың болашақ лидері.

Сондай-ақ, саясаткер Тайвань басшысы Цай Инвэньмен болған телефон әңгімесі қысқа әрі жоспардан тыс болғанын атап өтті.

«Біз неге «біртұтас Қытайдың» саясатын ұстануымыз керек? Менің ұқпайтыным осы», - дейді Трамп.

Бұған қоса, АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Бейжің «Солтүстік Корея мәселесін реттеуге» ешқандай көмек көрсетпей жатыр деп айыптады.

Қытайдың провинциясы саналатын Тайванның басқа елдермен қарым-қатынасы аспан асты елінің үнемі басты назарында. 1972, 1978 және 1982 жылдары Вашингтон мен Бейжің үш мәлімдемеге қол қойған болатын. Ол бойынша АҚШ «біртұтас Қытай» қағидатын мойындап, Тайваньмен ресми дипломатиялық байланыстарды үзген еді.

Трамптың Тайвань басшысымен әңгімесінен кейін Қытайдың сыртқы істер министрлігі АҚШ елшісіне осы мәселеге қатысты кеңес берген. Аспан асты елінің бұл әрекеті шамына тиген болса керек, Трамп бірден Бейжіңді сынға алды.

Тағы да оқыңыздар:

Еліміздегі бай-бағландардың қыздары мен әйелдері қалай көңіл көтереді? (фото)

Алматы көшелерін "мүйізі" бар қымбат көлік кезіп жүр (фото)

Белгілі блогер "күйеуім басқа әйелге кетейін деп жатыр" жар салғандарға кеңес берді

Жасы 45-ке келсе де, 20-дағы бойжеткендей көрінетін әйел

Қытайда табытта тіріліп кеткен қалыңдықтың мәйіті жұртты шошытты (фото)

Қызылордалық келін: Министр келін болсаң да босағада отыруға міндеттісің

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1345778-tramp-qytaydynh-sayasatyn-qulaghyna-da.html