RU

Алматылық оқушыларға жаңа жылда сыйлық берілмейтін болды

Алматының барлық мектептерінде жаңа жылдық шара кезінде оқушыларға сыйлық берілмейді деп хабарлайды Алматы арнасы.

Мұны алматылық ата-аналар желтоқсан айының басында білген. Бірақ олар оқушылардың мейрам кезінде аяз атадан тарту алғанын қалаған.

«Балаларымызға сыйлықты өзіміз сатып алып беруге дайынбыз. Біз неге сыйлық жасай алмаймыз?», - деді Күлімкөз Цибульская.

Бұл мәселеге қатысты қалалық білім басқармасындағылар да өз жауабын берді.

«Барлық мектептерде жаңа жылдық шара ұйымдастырылатын болады. 20 желтоқсан - бастауыш сыныптарға арналған ертеңгіліктер мен ертегі қойылымдары қойылады, 21-22 желтоқсан - ортаңғы сынып оқушыларына арналған жаңа жылдық шара, 23 желтоқсан - жоғары сынып оқушыларына арналған жаңа жылдық кеш ұйымдастырылады. Мектеп қабырғасында сыйлықтар мен оны дайындау үшін ақша жинауға қатаң тыйым салынады. Ал, өткен жылы жаңа жылдық шараны дайындауға әр мектепке жергілікті қазынадан қаражат бөлінген болатын. Жаңа жылдық сыйлықтар тек әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың балаларына беріледі», - делінген Алматы қаласының Білім басқармасының хабарламасында.

Тағы да оқыңыздар:

Еліміздегі бай-бағландардың қыздары мен әйелдері қалай көңіл көтереді? (фото)

Алматы көшелерін "мүйізі" бар қымбат көлік кезіп жүр (фото)

Белгілі блогер "күйеуім басқа әйелге кетейін деп жатыр" жар салғандарға кеңес берді

Жасы 45-ке келсе де, 20-дағы бойжеткендей көрінетін әйел

Қытайда табытта тіріліп кеткен қалыңдықтың мәйіті жұртты шошытты (фото)

Қызылордалық келін: Министр келін болсаң да босағада отыруға міндеттісің

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1345816-almaty-mektepterinde-zhanha-zhyldyq-shar.html