RU

Алматыда Тәуелсіздік мерекесін Жаңа жылдың тасасында қалдырған кімдер? (фото)

Биыл қазақ жұртына киелі саналған тәуелсіздікке 25 жыл. Мерекеге санаулы күндер қалды. Еліміздің ең ірі қаласы, тәуелсіздіктің алтын бесігі саналатын Алматыда бұл мерекенің иісі сезіле ме? Тәуелсіздік күніне мән бермей, жаңа жылға дайындықты бастап кеткен ұйымдардың қарасы неліктен көп?

NUR.KZ тілшісі Алматының алдағы мерекелерге дайындығын салыстырып көрді.

Қызылды-жасылды шамдар, жасыл шырша Алматы көркіне көрік қосуда. Жаңа жылға дайындық көзге ұрып тұр. Қаладағы үлкен сауда орталықтарынан бастап, қыл аяғы кішкентай дүкендерге дейін жаңа жылдық атмосфера жасап, осы мезгілде табыс тауып қалуға тырысады. Тәуелсіздікке орайластырылған безендірулер жоқ емес, бірақ олар жаңа жылдық жылтырақтың жанында елеусіз қалып жатыр.

Мәселен, мына «Тәуелсіздікке 25 жыл» деп аталатын кіші архитектуралық форма қаладағы жаңа, яғни осыдан 30 жыл бұрын алматылық жастар шыққан алаңда орын тепкен.

«Бұдан басқа қалада тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойына орайластырып 60-тан астам билборд дайындалды, сондай-ақ, Алматының үлкен даңғылдарындағы көпірлерде «Тәуелсіздіктің 25 жылдығы» логотипі ораналастырылды», - деп мәлімдеді қалалық мәдениет басқармасы портал тілішісінің сауалына.

Биыл Алматыда жаңа жылдық шырша тәуелсіздік күнінен кейін, 18 желтоқсанда жанатын болады.

Естеріңізде болса, өткен жылдары қала әкімшілігі жаңа жылдық шыршаны 1 желтоқсанда жағып келген.

«Қала бойынша жаңа жылдық шырша 8-9 жерде орналасатын болады. Олардың арасында универсиада объектілері болып саналатын Алматы арена және Халық Арена да бар», - деді мәдениет басқармасындағылар.

Ал, Алматыдағы ірі сауда ойын-сауық орталықтары жаңа жылдық безендіруді қарашаның соңында-ақ бастап кеткен.

Мәдениет басқармасы бұған қатысты өз жауабын берді. Олардың айтуынша, биыл қаладағы кейбір ұйымдар жаңа жылдық безендіруді жылдағы әдетке салып, ерте бастап қойған.

«Алайда келесі жылы олардың өз аумақтарын тек желтоқсанның он сегізінен бастап безендіруін мықтап қолға аламыз», - деп уәде берді қалалық мәдениет басқармасы.

Тағы оқыңыздар:

Жұртқа жылдар бойы арман болған баспанаға қол жеткізуге енді үкімет көмектеспек

АҚШ-та жоғалған студенттің отбасы «Болашақ» басшыларын өтірік ақпар берді деп айыптады

Еркін Ізбасардың анасы: Балам мұнайды түсінде де көрген жоқ

Түркістан әкімі Тәуелсіздік қарсаңында жерлестерін қуантып тастады (фото)

Шымкентте бір жарым айдан бері іздестіріліп жатқан жұмысшының денесі табылды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1345838-almatyda-shyrshany-tauelsizdik-kunine.html