RU

Миллионер грек балаларының ертегідей өмірі

Ресей, Иран Ұлыбритания және де басқа да мемлекеттердегі бай-бағландардың балаларынан қалғысы келмеген миллионер гректердің балалары да әлеуметтік желіде өздерінің шалқыған өмірі мен байлықтарын көрсетіп, мақтануда деп хабарлайды Fishki.net басылымына сілтеме жасап NUR.KZ.

Instagram-дағы @richkidsofgreece парақшасы миллионер грек балаларының өмірінен сыр шертетін фотоларды жиі жариялап тұрады.

Мәселен, байлардың балалары ерекше көліктерін, Rolex сағаттарын алтынмен апталған айфон телефондары мен қымбат сөмкелерін көрсеткенді жақсы көреді.

Сонымен қатар көптеген байлардың баласы Жерорта теңізінің әдемі жерлеріне сапар шегіп, бос уақытын жеке яхтасында өткізгенді ұнатады.

Кейбір сурттерден олардан жеке кемелері мен жеке ұшақтарында қыдырып, жеке яхтасында алаңсыз күнге қалай қыздырнып жатқанын байқауға болады.

Сарайлар, қымбат көліктер мен көңілді кештер, жүздеген мың доллар тұратын дизайнерлік киімдер - олардың өмірінің ажырамас бөлігі.

Соныдай-ақ, грек байларының балалары тек шылқыған байлығымен ғана емес, туған өлкесінің көз тоймайтын керемет табиғатымен де мақтанып отырады.

 

 

 

Тағы оқыңыздар:

Алматылық оқушыларға жаңа жылда сыйлық берілмейтін болды

"Ислам мемлекеті" кепілге алған христиандарды 50 мың доллардан сатуда

Қазақ балуаны әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Ақтөбелік алты жасар қыз "Келін" сериалын түгелдей жаттап алған

Қазақстанда алдағы үш күнде боран соғады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1345908-millioner-grekterdinh-balalary-qalay.html