RU

Қазақстанда алдағы үш күнде боран соғады

Қазгидромет 13-15 желтоқсанға арналған ауа-райы болжамын назарларыңызға ұсынады. Синоптиктердің мәліметінше алдағы үш күнде елде қар жауып, боран соғады деп хабарлайды NUR.KZ.

Қазақстанда күрделі ауа-райы жағдайы әлі сақталады. Олар бұрынғыдай республика аумағы арқылы өтетін атмосфералық фронттармен байланысты болады.

Температураның күрт өзгеруі, қар жауу, 200-500 м көрінумен соққан бұрқасын, күшті жел және көктайғақ – міне осылар қазақстандықтарды алдағы үш тәулікте күтуде, ал батыс және оңтүстік облыстарда кей жерлерде көрінуі - 200 м кем тұман басады.

Қазақстанның солтүстігінде ауа райы -11-13 градусқа дейін төмендейді. Қатты желге байланысты Солтүстік Қазақстанда дауылды ескерту жарияланды.

Сондай-ақ, Павлодар облысында да қар, боран, көктайғақ және секундына 28 метрге дейін екпіні күшті жел күтілуде.

Ал республиканың шығыс бөлігінде ауа температурасы -5 градусқа, батыста да ауа температурасы -4 градусқа дейін төмендейді.

Ақтауда дауылды ескерту жарияланды. Өңірде екпіні күшті жел мен көктайғақ күтілуде.

Ал Қазақстанның оңтүстігінде керісінше, ауа температурасы 13 градус жылықты көрсетпек.

Тағы да оқыңыздар:

Еліміздегі бай-бағландардың қыздары мен әйелдері қалай көңіл көтереді? (фото)

Алматы көшелерін "мүйізі" бар қымбат көлік кезіп жүр (фото)

Белгілі блогер "күйеуім басқа әйелге кетейін деп жатыр" жар салғандарға кеңес берді

Жасы 45-ке келсе де, 20-дағы бойжеткендей көрінетін әйел

Қытайда табытта тіріліп кеткен қалыңдықтың мәйіті жұртты шошытты (фото)

Қызылордалық келін: Министр келін болсаң да босағада отыруға міндеттісің

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1345926-qazaqstanda-aldaghy-ush-kunde-boran-sogh.html