RU

Нигерияда 7 және 8 жастағы екі қыз базардың қақ ортасында өздерін жарып жіберді

Нигериялық Майдугури қаласында жеті және сегіз жастағы екі қыз беліне жарылғыш зат байлап алып, қалалық базарда өздерін жарып жіберген деп хабарлайды Орталық Азияның жаңалықтар қызметі.

Кем дегенде бір адам қаза тапты, тағы 18-і жараланды.

Жарылыстар бірнеше минуттың ішінде жасалған. Би-би-си телеарнасының хабарлауынша, рикшамен келген қыздар базардың ішіне кірген. Жергілікті халық жасағының сарбазы олармен әуелі хаус тілінде, кейін ағылшын тілінде сөйлесуге тырысқан, бірақ қыздар онымен сөйлеспеген.

Балаларға жарылғыш белдігін кім кигізгені және жарылғыштардың қалай іске қосылғаны туралы әзірге хабарланбады.

Тағы оқыңыздар:

Алматылық оқушыларға жаңа жылда сыйлық берілмейтін болды

"Ислам мемлекеті" кепілге алған христиандарды 50 мың доллардан сатуда

Қазақ балуаны әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Ақтөбелік алты жасар қыз "Келін" сериалын түгелдей жаттап алған

Қазақстанда алдағы үш күнде боран соғады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1346050-nigeriyada-zheti-zhane-segiz-zhastaghy-eki.html