RU

Қытайлар байлығының сарқылып жатқанын айтып, дабыл қақты

2015 жылғы көрсеткіш бойынша әлемде мұнай өндіруден 5-ші орын алатын Қытай биыл өндірісті тәулігіне 300 мың баррельге азайтты, деп хабарлайды шетелдік басылымға сілтеме жасап Егемен Қазақстан басылымы.

Сарапшылардың айтуынша, келер жылы Қытайдағы өндіріс тәулігіне тағы 200 мың баррельге азаймақ.

"Қытайдағы мұнай өндірісі табиғи жолмен азаюда. Өйткені ондағы мұнай кен орындары сарқылып жатыр. Нәтижесінде соңғы 1-1,5 жылда Қытайдың сырттан сатып алатын мұнайы көбейген", – дейді Energy Aspects сарапшылары.

Осы орайда, Қытайдың мемлекеттік мұнай компаниялары кейбір жерлердегі өндірісті жабуға мәжбүр болуда.

Тағы оқыңыздар:

Алматылық оқушыларға жаңа жылда сыйлық берілмейтін болды

"Ислам мемлекеті" кепілге алған христиандарды 50 мың доллардан сатуда

Қазақ балуаны әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Ақтөбелік алты жасар қыз "Келін" сериалын түгелдей жаттап алған

Қазақстанда алдағы үш күнде боран соғады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1346070-qytaylar-baylyghynynh-sarqylyp-zhatqan.html