RU

АҚШ-та жоғалған студенттің отбасы «Болашақ» басшыларын өтірік ақпар берді деп айыптады

Еліковтер отбасы "Болашақпен" кетіп, жоғалған ұлдарының табылғаны туралы ақпаратты жалған деп отыр. Өйткені «оны таптық» дегендердің бірдебір мәліметі сол күйі расталмапты деп хабарлайды КТК арнасы.

Ұлдарының аман-есендігі туралы естіп қуанған ата-ананың көңілі көп ұзамай қайтадан күпті боп қалған. Өйткені оны тапқандар ұсынған ұялы нөмірге жігіт әлі жауап бермей жатыр екен.

Тіпті Ержанды Нью-Йоркте көрдік деген куәгерлер де әке-шешесімен байланысқа шықпаған көрінеді. Сондықтан оның табылғаны туралы ақпарат күмән тудырған. Адвокаттың айтуынша, «Болашақ» басшылары берген басқа да мәліметтер де сол күйі расталмапты.

"Ешқандай мәлімет расталмады. "Болашақ" бағдарламасы берген телефон нөміріне қоңырау бармай жатыр. Білім министрлігінен хат келген. Бірақ ол хатта да Ержан Еліков жайлы нақты мәліметтер жоқ. Іздеуді әлі де жалғастырамыз", - дейді адвокат Қалтай Қалиақбаров.

Тағы оқыңыздар:

Еркін Ізбасардың анасы: Балам мұнайды түсінде де көрген жоқ

Шымкентте бір жарым айдан бері іздестіріліп жатқан жұмысшының денесі табылды

Жемқорлық дауынан кейін «Бәйтерек Development-те» ауқымды тексеру басталды

Ақтөбедегі мұнай ұрлығын басқарған қылмыс әлемінің серкесі екі айға қамауға алынды

Нигерияда 7 және 8 жастағы екі қыз базардың қақ ортасында өздерін жарып жіберді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1346144-aqsh-ta-zhoghalghan-studenttinh-otbasy-bo.html