RU

Жемқорлық дауынан кейін «Бәйтерек Development-те» ауқымды тексеру басталды

Жемқорлық дауынан кейін «Бәйтерек Development-те» ауқымды қаржылық тексеру жүргізілуде деп хабарлайды КТК арнасы.

Ревизорлар несие мен жалға берілетін тұрғын үйлер салуға деп бюджеттен бөлінген миллиондардың әр тиынына дейін санап жатыр.

"Қазір компанияда Есеп комитеті тексеру жүргізіп жатыр. Яғни, бюджет қаржысының игерілуі, қаржының қайда жұмсалғаны жайында есеп берудеміз", - дейді «Бәйтерек Development» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Асқарбек Өсербаев.

Тексеру аяқтала салысымен тағы бірталай былық әшкереленуі мүмкін. Бірақ компания түк болмағандай кейіп танытуда. Айта кетсек, бұған дейін «Бәйтерек Development» төрағасының орынбасары, экс-спикер Қабиболла Жақыповтың ұлы Аслан Жақыпов, атқарушы директорлар - Бауыржан Әйтімбетов, Ғазиз Сариевтер тендер ұтып беремін деп бірнеше облыстың кәсіпкерлерінен 288 миллион теңге пара алып ұсталған болатын.

Осыдан соң «Бәйтерек Development-тің» бұрынғы төрағасы, қазір Ұлттық экономика министрлігіндегі «Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығын модернизациялау және дамыту орталығының» төрағасы Бақыт Жақсыбаев та қамауға алынған.

Бірақ «Бәйтеректің» басшылары «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша салынып жатқан арзан үйлер уақытында бітеді деп сендіріп отыр. Ал жемқорлықты тоқтату үшін бизнесмендерден өтініш енді интернет арқылы қабылданбақ.

Тағы оқыңыздар:

Еркін Ізбасардың анасы: Балам мұнайды түсінде де көрген жоқ

Шымкентте бір жарым айдан бері іздестіріліп жатқан жұмысшының денесі табылды

АҚШ-та жоғалған студенттің отбасы «Болашақ» басшыларын өтірік ақпар берді деп айыптады

Ақтөбедегі мұнай ұрлығын басқарған қылмыс әлемінің серкесі екі айға қамауға алынды

Нигерияда 7 және 8 жастағы екі қыз базардың қақ ортасында өздерін жарып жіберді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1346153-zhemqorlyq-dauynan-keyin-bayterek-development.html