RU

ОҚО-да кәсіпкерден таяқ жеп, шекесі жарылған әкімнің орнына жаңа басшы келді (фото)

Оңтүстік Қазақстан облысы, Шардара ауданының бұрынғы әкімі Арман Абдуллаевтың орнына Болатбек Қыстауов тағайындалды, деп хабарлайды NUR.KZ-тің өңірдегі тілшісі.

Болатбек Қыстауов 1973 жылы 15 тамызда дүниеге келген. Білімі жоғары, мамандығы бойынша экономист. Шардара ауданының басшылық тізгінін алғанға дейін ол «Нұр Отан» партиясы Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары лауазымын атқарған.

Жаңа әкімді шардаралықтарға облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың өзі арнайы барып, таныстырды.

Еске салсақ, қыркүйек айының басында Шардараның сол кездегі әкімі Арман Абдуллаев бірқатар беделді азаматтармен «Алтын жағажай» демалыс орнындағы мейрамханада әлденені атап өтіп, отырыс соңы төбелеске ұласқан еді.

Салдарынан Абдуллаев мырзаны бір кәсіпкер азамат бөтелкемен ұрып, шу шығады. Сөйтіп әкімнің шекесі жарылып, хирургиялық көмек алады. Бұл әрекет бойынша іс қозғалып, оны Бас прокуратураның өзі назарында ұстап, тергеу барысы құпия сақталды.

Тағы оқыңыздар:

Жұртқа жылдар бойы арман болған баспанаға қол жеткізуге енді үкімет көмектеспек

АҚШ-та жоғалған студенттің отбасы «Болашақ» басшыларын өтірік ақпар берді деп айыптады

Еркін Ізбасардың анасы: Балам мұнайды түсінде де көрген жоқ

Түркістан әкімі Тәуелсіздік қарсаңында жерлестерін қуантып тастады (фото)

Шымкентте бір жарым айдан бері іздестіріліп жатқан жұмысшының денесі табылды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1346256-oqo-da-kasipkerden-tayaq-zhep-shekesi-zhar.html