RU

Ділназ Ахмадиева отбасылы адамға ғашық екенін айтты

Танымал әнші Ділназ Ахмадиева отбасылы адамды сүйіп қалғанын жасырмады деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы ол 31-арнадағы "Ұят емес" бағдарламасында айтты.

Ділназ Ахмадиева үйленген, бала-шағасы бар отбасылы адамды сүйетінін айтты. Бірақ, әнші балалары көп адамды отбасынан айырғысы келмей отыр. Ділназдың айтуынша, оның махаббаты жауапсыз емес. Дегенмен, сүйіктісінің отбасылы болуы олардың болашағына кедергі келтіреді екен.

"Мен оның ажырасқанын қаламаймын. Себебі, оның балалары көп", - деген ол біреудің отбасын бұзуға ары жібермейтінін айтады.

"Біз бірге бола алмаймыз. Басы бос, өзімдікі ғана болатын еркекке тұрмысқа шыққым келеді", - деді әнші. Оның айтуынша, оның бұл махаббаты өткінші, себебі оның болашағы жоқ.

Тағы оқыңыздар:

Жұртқа жылдар бойы арман болған баспанаға қол жеткізуге енді үкімет көмектеспек

АҚШ-та жоғалған студенттің отбасы «Болашақ» басшыларын өтірік ақпар берді деп айыптады

Еркін Ізбасардың анасы: Балам мұнайды түсінде де көрген жоқ

Түркістан әкімі Тәуелсіздік қарсаңында жерлестерін қуантып тастады (фото)

Шымкентте бір жарым айдан бері іздестіріліп жатқан жұмысшының денесі табылды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1346359-dilnaz-akhmadieva-otbasyly-adamgha-ghash.html