RU

Әнші Шахизада көзіне шөп салған күйеуіне үш қабатты үйін сыйға тартқан

Танымал әнші Шахизада өзінің жеке өміріндегі құпияларын ашып, сәтсіз болған екі некесі туралы айтып берді деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы ол 31-арнаның "Ұят емес" бағдарламасында айтып берді.

Әнші өзінің жалғыз ұлының әкесі туралы айтты. Оның айтуынша, ол бірінші күйеуімен де, екіншісімен де бақытты бола алмаған.

Айтуынша, ол ұлының әкесін, яғни бірінші жарын қатты жақсы көрген. Бірақ оның ішкілікке салынып, басқа әйелдермен қыдыруы, қол көтеруі, оған қоса табыс таппауы - мұның барлығы Шахизаданың өмірін тозаққа айналдырған.

"Ұрып жатқан кезде, құдайдан мені басқа өмірге алып кетші", - деп тілеймтінмін дейді әнші. Ол қарызға белшесінен батқан күйеуінің кесірінен өзінің беделі мен еңбегінің арқасында қол жеткізген Павлодардағы екі бөлмелі пәтерінен де айрылады. Осылай, шегіне жеткен күйеуімен ол ажырасуға бел буады.

Атақ пен даңқ деп жүріп, ол екінші рет тұрмысқа шығу керектігін ұғады. Жалғыз баласы оқуда жүргенде, қатты ауырған Шахизада өзіне қол ұшын созар жан табылмағанына қынжылады. Осылайша, ол Асан есімді азаматқа тұрмысқа шығады. Тіпті оған отбасын құру туралы идеяны да өзі айтады. Оларды ортақ - қыз бала сүю арманы тоғыстырғанын айтады әнші. Бірақ, қанша тырысқанымен олардың арасында сәби болмайды. Әзер дегенде жүріп көтерген сәбиі іште жатып шетінеп кетеді.

Уақыт өте келе, күйеуінің мінез-құлқынан өзгерістерді байқаған әнші, оның өзінің көзіне шөп салып жүргенін біліп қояды.

"Үш қабатты үйімді соған бердім де кетіп қалдым", - деді әнші.

Тағы оқыңыздар:

Алматыда Тәуелсіздік мерекесін Жаңа жылдың тасасында қалдырған кімдер? (фото)

Қазақстандық танымал журналист қайтыс болды

Шымкентте аудан әкімінің ұлы футболда ескерту жасаған төрешіні оңдырмай ұрып тастады

Шымкентте оқушы қыздар жаппай төбелесіп, біреуі ауруханаға түсті

Қостанайдың бұрынғы әкімінің тойханасын алғашқы аукционда ешкім алмай қойды (фото)

Талғат Ермегияевтің қымбат көліктері мемлекеттік органдарға өтетін болды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1346532-anshi-shakhizada-kozine-shop-salghan-kuyeu.html