RU

Билік партиясының өкілі өнер адамдарынан концерт билеттерін әкімдікке әкеліп тастамауын өтінді

Өзін «Нұр Отан» партиясының мүшесі ретінде таныстырған Ақтөбе облысы Алға қаласының тұрғыны Амангелді Сейдалиев мектептер мен балабақшалардағы жемқорлықты құртудың жолдарын тізбелеп берді, деп хабарлайды «Тілші».

Ашық ақпарат көздеріне жүгінсек, Амангелді Сейдалиев билік партиясының Алға ауданындағы филиалы төрағасының бірінші орынбасары қызметінде екен.

«Жыл сайын еліміздегі мыңдаған мектептің ағымдағы жөндеуіне қаражат қарастырыңыз, жыл басынан аталып өтетін мерекелік іс-шараларға арнап балалардың концерттік киімі мен сыйлықтарына, музыкалық аппаратураларына, шырша, киіз үй, баннер, бильборд және тағы басқа 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейінгі іс-шараларына қаражат бөліңіз», — дейді ол.

Партия өкілінің бұл ұсыныстарды кімнің атына жазып отырғаны түсініксіз. Елбасыға ма, әлде облыс басшылығына жолдағаны ма, ол жағын «Нұр Отан» мүшесі нақтыламапты.

Амангелді Сейдалиев сондай-ақ, мектеп пен балабақшаға келетін комиссияның іс-сапар қаражатын, атап айтқанда, қонақ үй төлемін, жолкүресін, тамағын алдын ала есеп-шотына аударып қою керектігін ескертеді.

«Ауылға, мектепке, балабақшаға келетін əртістер мен түрлі концерттер (билеттерін акиматқа əкеліп тастамай) өнерлерін өздері келіп жарнамаласын. Оқушылардың мектептен тыс байқау, тест, олимпиада, спорттық жарыстарына қаражат жоспарланып, бөлінсін», — дейді Амангелді Сейдалиев.

Сондай-ақ, партия өкілінің айтуына қарағанда, мұғалімдерге газет-журналдарға жазылу саны, жоспары Астанадан жоспарланбай, басылымдар өздері газет-журналдарының беделін көтеріп, халық іздеп жүріп сатып алатын дәрежеге жеткізу керек.

«Сонда ғана білім саласында… «жеморлық» болмайды», дейді ол.

Бұл ретте, айта кету керек, өзін фейсбук желісінде «Нұр Отан» партиясының мүшесімін деп таныстырған Амангелді Сейдалиевтің өз жазбасы ма, әлде өзге біреуден көшіріп алған посты ма, белгісіз. Бір анығы, жоғарыда тізбектелген ұсыныстар оның әлеуметтік желідегі жеке парақшасында қалдырылған.

Тағы оқыңыздар:

"Ағайынды төртеу" Ақтөбедегі мұнайды қалай ұрлаған?

Геннадий Головкин Гиннестің рекордтар кітабына енді (фото)

Атыраулық қызметкерлер Тәуелсіздік күнінде сыйақыдан қағылмайтын болды

Рахат Әлиевтің өліміне қатысты жаңа деректер пайда болды

Ділназ Ахмадиева отбасылы адамға ғашық екенін айтты

Мейрамбек Беспаевтың қызы әкесінің әнін айтып, көпшілікті сүйсінтті (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1346656-bilik-partiyasynynh-okili-oner-adamdar.html