RU

Қазақстанның тұңғыш премьері отбасымен бірге бизнеске кеткенін айтты

Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы премьер-министрі Сергей Терещенко қазір қайда жүргенін Замана басылымына айтып берді хабарлайды NUR.KZ.

Өзі Алматыда тұрып жатса да, Шымкентке жиі келіп тұратынын айтқан Сергей Терещенко балаларының жеке бизнесі барын да жасырмады.

"Қыздарым Алматыда тұрады. Үлкенім Нина биыл 42 жасқа толады. Экономика ғылымдарының кандидаты. Елена жақында 38 жасқа толды. Екеуі де бизнеспен айналысады. Нина Шымкенттегі «Мадлен» компаниясының акционері. Алматы облысында бау-бақша өсіріп, өнімін өз еліміз бен жақын шет елдерге шығарып жүр. Еленаның ара шаруашылығы бар. Ол да балдың түр-түрін өз еліміздің әр өңіріне жеткізумен қатар, экспортқа да шығаруды қолға алды. Жақын күндері Қазақстан балы Қытайға да жеткізілетін болады. Алматыда өзінің бал өндіретін шағын зауыты бар. Қосымша өзінің туризм компаниясын дамытып отыр. Былайша айтқанда, бір салада тоқтап қалмай, бизнесті өркендетіп, жан-жақты жұмыс істеп жатыр", - деген экс-премьер өзінің де бизнеске бел шеше кіріскенін айтып қалды.

"Өзім жайлы мен ешқашан ештеңе жасырған емеспін. Бірнеше салада бизнеспен айналысатынымды білесіздер. Электростанциялар саламыз, шаруаларға жерді дұрыс өңдеу мен игеру, ауылшаруашылық техникаларын жеңілдікпен алуға жәрдем береміз. Бау-бақша да өсіріп жатырмыз, биыл жаңғақтан мол өнім алғанымызды айта кетейін. Ара шаруашылығын дамытып отырмыз. Күні кеше күркетауық етін өндіру бойынша елбасының қолынан «Алтын сапа» белгісін алдық. Қысқасы, өзім де, қыздарым да бірнеше сала бойынша жұмыс жасап келеміз. Бизнесіміз негізінен Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында. Осы өңірлерде серіктестеріміз де бар. Әлі де кең етек жаямыз, жаңа жобаларды қолға аламыз деп жоспарлап отырмыз. Қысқасы, менде идея да, жүзеге асыратын іс те көп. Сондықтан шет елге кету, көшу жайлы ойлаған да емеспіз. Қазақстан – біздің туған үйіміз", - дейді Сергей Терещенко.

"Саясатқа оралатын ойым жоқ. Жеке кәсібімді өркендетіп әрі жемісін көріп жүрген осы жұмыстарымды жақсы көремін. Бау-бақша мен ара шаруашылығы, шынын айтқанда, менің жаным қалайтын іс, мен осылай демаламын", – дейді қоғам қайраткері.

Терещенко сөз соңында қазақстандықтарды Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерекесімен құттықтап, қазақша бата берді.

"Ширек ғасырда дамудың 100 жылдық белесін артта қалдырған жерлестерімнің әрдайым жетістік биігіне жетулеріне тілектеспін. Қазақша айтқанда, шаңырақ биік, дастархан мол, денсаулық мықты, аспанымыз ашық болсын!", – деп түйіндеді экс-премьер.

Тағы оқыңыздар:

"Ағайынды төртеу" Ақтөбедегі мұнайды қалай ұрлаған?

Геннадий Головкин Гиннестің рекордтар кітабына енді (фото)

Атыраулық қызметкерлер Тәуелсіздік күнінде сыйақыдан қағылмайтын болды

Рахат Әлиевтің өліміне қатысты жаңа деректер пайда болды

Ділназ Ахмадиева отбасылы адамға ғашық екенін айтты

Мейрамбек Беспаевтың қызы әкесінің әнін айтып, көпшілікті сүйсінтті (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1346742-qazaqstannynh-tunhghysh-premeri-otbasy.html