RU

Қостанай облысында пара алу үшін таптырмас жүйе құрған кеденшілер ұсталып қалды (фото)

Қостанай облысы бойынша жемқорлыққа қарсы департамент МКД "Қостанай-ЦТО" кеден бекетінің басшысы Нұрғазинаны пара алу үшін қылмыстық схема құрды деген күдікпен ұстады.

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының баспасөз қызметіне сілтеме жасап Sputnik Қазақстан хабарлайды.

Нұрғазина тауарларды кедендік ресімдеуді жеделдету үшін жеке тұлғалардан жүйелі түрде пара алып отыру мақсатында қылмыстық схема құрған.

Схемаға кеден бекетінің 11 лауазымды тұлғасы мен 30-дан астам кәсіпкерлер қатысқан. Әр қатысушы өз рөлін қатаң түрде орындауға тиіс болыпты, оларды Нұрғазина жалпылама басқарып отырған, кеден бекетінің маманы Жақсылықов "кассир" болған.

"Биыл қараша-желтоқсан айларында алынған пара көлемі 10 миллион теңгеден асады. Қазіргі уақытта Нұрғазина мен Жақсылықов ҚР ҚПК 128-бабына сәйкес ұсталып, Рудный қаласы ІІБ уақытша ұстау изоляторына қамалды", — деп хабарлайды департамент.

Сот алды тергеу жүргізілуде.

Тағы оқыңыздар:

"Ағайынды төртеу" Ақтөбедегі мұнайды қалай ұрлаған?

Геннадий Головкин Гиннестің рекордтар кітабына енді (фото)

Атыраулық қызметкерлер Тәуелсіздік күнінде сыйақыдан қағылмайтын болды

Рахат Әлиевтің өліміне қатысты жаңа деректер пайда болды

Ділназ Ахмадиева отбасылы адамға ғашық екенін айтты

Мейрамбек Беспаевтың қызы әкесінің әнін айтып, көпшілікті сүйсінтті (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1346779-qostanay-oblysynda-para-alu-ushin-tapt.html